Тұщықұдық ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Тұщықұдық ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Тұщықұдық ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

22 қараша 2025 жылы Тұщықұдық ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылып, халық игілігіне берілді. Маңызды нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Аринов пен облыс әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы, аудан әкімі Ғалымжан Ниязов қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Жаңа өрт сөндіру пункті заманауи талаптарға сай салынып, ауылдағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 960 шаршы метрді құрайтын алаңда орналасқан 204 шаршы метр нысан құрамында 2 өрт сөндіру көлігіне арналған гараж, қызметкерлерге арналған жұмыс, демалыс, санитарлық бөлмелер мен өзге де қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Мұнда 8 маман тәуліктік кезекшілікпен жұмыс істейді.

Салтанатты шара министр Шыңғыс Аринов жаңа пункттің ашылуы – төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарына қауіпсіздік саласына мән беріп, жастарды осы салаға тарту мәселесіне де назар аударды.

Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сегізбай Әнес өз сөзінде бұл нысан – тек инфрақұрылымдық жоба емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы зор бастама екенін айтты.