Атырау облысының Жылыой ауданындағы жапан далада үңгір бар. Иманқара деген. Дала дегенде, негізі тапал таудың етегіндегі шағын үңгірдің тарихы өзінен терең екен. Бірақ, біз жақта биіктігі 200 метрден әрең асатын биікті төбе дейді, без обид) Сонымен, бұл үңгірді Иса ғ.с. туғанға дейінгі 5-3 мың жыл бұрын адам мекендеген. Храм ретінде пайдаланған. Үңгірді кеулеп қазып, қосымша дәліздер жасаған. Қабырғасында қайланың ізі, төбесінде күйенің табы әлі тұр. Осыдан жеті мың жыл бұрын үңгірге келіп, тағзым еткен адамдардың арман, мақсаты қандай болды екен, ә?
⠀
✅ Одан кейін Махамбеттің жақтастары жазалаушы отрядтан қорқып, осында түнеген дейді. Енді ең қызығын айтайын ба, осы үңгірге 1944 жылдың мамырында неміс десанттары келіп тығылған. Неміс дегенде шіли неміс емес. Түркістан легионының таңдаулыларын, ал ол қазақ, өзбек, ұйғыр, татар ғой, үстіне Қызыл әскердің формасын кигізіп, осы маңға тастайды. Барлығы Берлиннен 60 шақырым жердегі барлау мектебінде дайындықтан өтіпті. Ал топты осы аймақтың тумасы, Гитлер әскерінің обер-лейтенанты Әмірхан Тілеумағамбетов, болмаса, Әлихан Ағаев деген бүркеншік есімімен белгілі азамат басқарған.
⠀
✅ Бірақ, олардың адымын қатты аштырмапты. Осы үңгірде 5 диверсантты өлтіріпті. Оған дейін тоғызын тұтқынға алған екен. Ал бұларды неге жіберген десеңіз, осы маңдағы мұнай кеніштерін жармақшы болған Гитлер. Міне, осындай хикая, балдар)
https://www.instagram.com/p/CGW_SK3netf/
#бабаларізімен #atyrau