Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды талқылау.
Шараның тақырыбын кеңінен талқылау мақатында өзге де өкілетті мекемелердің өкілдері шақырылды.
Шараға қатысушыларға келесідей баяндамалар таныстырылды:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Бекмұханов Ғилаж Құзаирұлының баяндамасы. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жұмысының 9 айлық қорытындысы туралы».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Телишева Гүлжайнап Аманжанқызының баяндамасы. Тақырыбы: «Камералдық бақылау барысында орын алатын бұзушылықтар».
- Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Жалмұқанова Гүлфарам Ғұбайдоллақызының баяндамасы. Тақырыбы: «Мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі жаңалықтар».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Нухина Индира Әзілқызының баяндамасы. Тақырыбы: «Құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу».
- ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Камешева Салтанат Ғазизқызының баяндамасы. Тақырыбы: «Мемлекеттік сатып алу саласында стандарттардың дұрыс қолданылуы».
- Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Аққажиева Ләззат Сатыбалдықызының баяндамасы. Тақырыбы: «Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарының бұзылуы салдарынан орын алатын кемшіліктер».
- Атырау қаласы қаржы бөлімінің басшысы Бекова Алтынай Махамбетқызының баяндамасы. Тема: «Төртінші деңгейлі бюджетті жүзеге асыру мәселесі. Қалалық бөлімдер мен ауылдық округтердегі тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алуда туындайтын мәселелер. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару мәселелері».
- Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының жергілікті қамтуды дамыту бөлімінің басшысы Мұсағалиев Ризабек Жасқайратұлының баяндамасы. Тақырыбы: «Мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту».
- Атырау облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының тауарларды сертификаттау бойынша сарапшысы Махсутова Айгүл Жастілекқызының баяндамасы. Тақырыбы: «Индустриалды сертификаттарды алу туралы».
Шараның соңында, қатысушылар мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу барысында туындайтын сұрақтарға жауап ала алды.