2025 жылдың 1 қазанда экономикалық тергеу департамент басқарма басшысының м.а. Ж.А.Мамалинов ойынға тәуелділік, алаяқтық, қаржылық пирамидалардың белгілері және дропперлық деген тақырыбына семинар өткізілді.
Құмар ойындарға тәуелділік қазіргі әлемде психикалық ауру ретінде танылып, мұндай тұзаққа негізінен 30 жасқа дейінгі жастар түседі. Жақын адамыңыздың мінез-құлқындағы өзгерістерді байқасаңыз, онымен міндетті түрде сөйлесіп, анықталса, жағдайдан шығуға көмектесіңіз.
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне дропперство үшін жауапкершілікті белгілейтін жаңа 232-1-бап енгізілді.
Дропперство деген нені білдіреді:
* банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына рұқсатты заңсыз беру, аудару немесе алу;
* заңсыз төлемдерді және/немесе ақша аударымдарын жасау, оның ішінде үшінші тұлғалардың мүдделеріне материалдық өтемақы алу.
Қылмыстық кодекстің 232-1-бабында іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай, айыппұлдан бастап мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.
Қаржылық пирамидалық алғашқы белгілердің бірі - жоғары кірістілік уәдесі және жобаға жаңа клиенттерді (достар, туыстар, әріптестер) міндетті түрде тарту.
Замаңауи әлемде азғырулар көп, ненің заңды, ненің тыйым салынғанын ажырата білу керек.Біздің заманымызда мұндай семинарларды өткізу өте қажет.