«SYR JASTARY-2025!» жол картасы жасақталуда

«SYR JASTARY-2025!» жол картасы жасақталуда
Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдаудан туындайтын міндеттер мен басымдықтарды жүзеге асыру мақсатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен қолға алынған «2021-2025 арналған жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар» жобасын басшылыққа ала отырып Қызылорда облысында 2025 жылға дейін мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың «SYR JASTARY-2025!» Жол картасының(бұдан әрі - Карта)жобасы жасақталуда.
Құжат жобасы 5 бағыт, әзірге 21 индикатордан құралды.
Құжатта жастардың азаматтық белсенділігі, сапалы білім алуы,жұмысқа орналастыру мен жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық дамыту мен олардың бос уақытын тиімді үйлестіру қамтылды.
Енгізілген 5 бағыттың барлығы дерлік мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді толық қамтиды.