Astana Hub алаңында Demo Day iBatyr бірегей іс-шарасы өтті. Қазақстандағы киберқорғаныс саласындағы инновациялық технологиялар мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларына таныстырылды. Бағдарлама аясында кибершабуылдарды модельдеу және деректер мен веб-қосымшаларды қорғау құралдарын сынақтан өткізді.
Іс-шараны ҚР Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен «iBatyr» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.
Жеке деректердің таралуын алдын алу, мемлекеттік сервистерді стандарттан тыс қауіптерден қорғау, қауіпсіздік жүйелерін интеграциялау мен қызметкерлердің тәртібін күшейту мәселелеріне басты назар аударылды.
Қатысушыларға iBatyr компаниясының шешімдері таныстырылды:
«Бүгінде жеке деректерді қорғау — ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біздің шешімдер қазақстандық технологиялардың заманауи цифрлық қауіптерге тиімді қарсы тұра алатынын және мемлекеттік әрі корпоративтік сервистерге пайдаланушылардың сенімін қамтамасыз ете алатынын көрсетіп отыр», — деді «iBatyr» ЖШС директоры, киберкластер қауымдастығының төрағасы Виталий Ли.