Қоғамдық кеңесте 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорты талқыланды

Қоғамдық кеңесте 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорты талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде министрліктің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттары қаралды. Кеңес мүшелері жобада көзделген негізгі бағыттар мен жоспарланған шығыстар бойынша ұсыныстарын білдіріп, бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық жобаларды қолдау, ғарыш саласындағы бастамаларды қаржыландыру, сондай-ақ аймақтардағы байланыс сапасын арттыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында бюджет шығындарының жекелеген тармақтарын қайта қарау жөнінде ұсыныстар айтты. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, Министрлікке жолданатын болады.