2025 жылғы 25 шілдеде Қарағандыдағы IT-хаб “Терриконовая долина” алаңында жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдануға қызығушылық танытқан ондаған тыңдаушыны жинаған воркшоп өтті.
Жасанды интеллекттің дамуы күнделікті өмірді қарқынды түрде өзгеруде: жеке көмекшілер мен мәтін генераторларынан бастап, бизнестегі аналитикалық процестерді автоматтандыруға дейін. Кездесу барысында қатысушылар дәл осы өзгерістерді - тұрмыстық ыңғайлылық тұрғысынан да, кәсіби қолданыс тұрғысынан да кеңінен талқылады.
Іс-шараны “A-Бизнес Казахстан” компаниясының негізін қалаушы Тимур Дурмагамбетов ашты. Ол no-code ЖИ-құралдарына шолу жасап, оларды жеке тиімділікті арттыруда және бизнес міндеттерін шешуде қолдану мысалдарын көрсетті. Ол бүгінгі таңда кез келген адам, техникалық дайындық деңгейіне қарамастан, ЖИ-ні қолдана алатынын және соның арқасында өнімділікті арттыра алатынын ерекше атап өтті.
“Күн тәртібін жоспарлау, спортпен айналысу, тіл үйрену - осының бәрінде жасанды интеллектіні қолдануға болады. Бұл өмірді сапалы, жүйелі және тиімді ететін құрал”, – деді Тимур.
Ислам Iскежанов, халықаралық DataArt IT-компаниясының Business Intelligence Engineer-і, ЖИ-нің бизнес-аналитикаға енгізу туралы айтып, қауіпсіздік мәселелерін талқылады және орынды сұрақ қойды: ЖИ мамандарды ауыстыра ма, әлде оларға көмекші бола ма?
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек технологиялық трендтерді түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, тәжірибелі мамандардан шабыт алып, көкейде жүрген сұрақтарды қоюға жағдай жасайды.
“Жасанды интеллект енді тек ерекше құбылыс емес, ол күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Біз адамдарға тез өзгеретін әлемге бейімделуге және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін құралдарды ұсыну маңызды деп есептейміз”, – деп “Терриконовая долина” СЕО-сы Сабир Ниязов бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар ЖИ-нің қолжетімді әрі тиімді құрал екенін, оны өмірдің барлық саласында белсенді қолдануға болатынын атап өтті. Әрбір қатысушы воркшоптан ЖИ-ні жеке немесе кәсіби үдерістеріне қалай енгізу керектігі туралы нақты ұсыныстармен қайтты.