Қашықтықтан оқыту жағдайындағы Интернет-қауіпсіздік

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы Интернет-қауіпсіздік

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми – тәжірибелік орталығы оқушыларға және ата-аналарға, арналған "Қауіпсіз Интернет" компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша әдістемелік ұсынысын шығарды. Қашықтықтан оқыту процесінде бала интернет кеңістігін белсенді пайдаланады. Дүниежүзілік ақпараттық желі – бұл білім беру мәселелерін шешуге болатын құнды және әр түрлі ақпараттың қоймасы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қауіптердің көзі екенін түсіну керек. Интернет-коммуникацияларды дамытудың айқын артықшылықтарымен қатар, әлемдік ақпараттық кеңістікке бақылаусыз қол жеткізу Интернет тарапынан оқушыларға Елеулі жасырын және тікелей қауіп төндіреді. Бұл есірткі саудасы, терроризм, экстремизм, сектанттық, этикалық емес жарнама және т. б.