Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
01 августа 2025
IT – болашаққа жолдама: Tech Orda 2025 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) Tech Orda 2025 білім беру бағдарламасының жаңа легіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Бағдарлама 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына сұранысқа ие IT-мамандықтарды тегін меңгеруге мүмкіндік береді.

Өтінімдерді 2025 жылғы 3 қыркүйекке дейін Astana Hub платформасы арқылы беруге болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында білімді, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талаптарына сай жастарды даярлау қажеттігін атап өтіп, кемінде 100 мың IT-маманды оқытуды тапсырған болатын. Осы тапсырма аясында ЦДИАӨМ бастамасымен 2021 жылы Astana Hub алаңында Tech Orda бағдарламасы пилоттық режимде іске қосылды. Бұл – мемлекет қолдауымен жыл сайын мыңдаған азаматты оқытуды көздейтін маңызды бастама. Әрбір студенттің оқуына 500 000 теңгеге дейінгі қаржылық қолдау көрсетіледі.

Бағдарлама ЦДИАӨМ бастамасымен Astana Hub алаңында жүзеге асырылады. Tech Orda-ның мақсаты — цифрлық экономика талаптарына бейімделген курстар арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы адами капиталды дамыту. Жыл сайын мыңдаған қазақстандық осы мүмкіндікті пайдаланып, IT-саласына қадам басып келеді.

2025 жылы бағдарламаға 80 IT-мектеп аккредитациядан өтіп, 160 түрлі курс ұсынды. Олардың қатарында веб-әзірлеу, 3D-дизайн, AR/VR қолданбалары, операциялық жүйелерді әзірлеу, киберқауіпсіздік, IoT (заттар интернеті), Big Data, мобильді қосымшалар мен GameDev бағыттары бар. Сонымен қатар, Agile, өнім менеджменті және жасанды интеллект салалары басым бағыттар ретінде айқындалған.

«Tech Orda бағдарламасы мыңдаған қазақстандық үшін шынайы әлеуметтік лифтке айналды. Бүгінде елдің әр өңірінен келген жастар, тіпті бастапқы дайындығы болмаса да, қысқа мерзім ішінде заманауи IT-құзыреттерді меңгеріп, мықты компанияларда жұмысқа орналасып жатыр. Өткен жылы біз 35 мыңнан астам өтінім қабылдадық, ал арнайы ағымдар аясында алғаш рет 100 тәжікстандық азамат пен 1 000 педагогты оқыттық. Бұл бағдарламаның кең ауқымда дамып келе жатқанын және оған деген сенімнің артқанын көрсетеді. Көптеген қатысушы үшін Tech Orda тек мамандық ауыстыру мүмкіндігі ғана емес, елдің цифрлық трансформациясына үлес қосуға жасалған саналы қадам болды», — деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

2022–2023 жылдары 91 IT-мектепте 6 251 студент оқуын аяқтады. Олардың 40%-дан астамы және білім беру ұйымдарының 46%-ы – елдің өңірлерінен, бұл IT-білім беруді өңірлік деңгейде теңгерімді дамытуға ықпал етеді. 2024 жылы бағдарлама аясында 3 465 грант бөлінді, оның 2 465-і негізгі ағымға, ал 1 000 грант мұғалімдерге арналған арнайы бағыттар бойынша бөлінді (оның ішінде 300 – мектеп мұғалімдеріне, 700 – жоғары оқу орындарының оқытушыларына). Қазіргі таңда 72 IT-мектептің студенттері оқуын аяқтап, қорытынды тестілеуден өтіп жатыр.

Tech Orda түлектерінің 88%-ы жұмысқа орналасқан, олардың орташа жалақысы 505 000 теңгені құрайды. Бүгінде бағдарлама түлектері Kaspi.kz, Halyk Bank, KPMG, Ernst & Young, Теңізшевройл, ҚазМұнайГаз, Freedom Finance, Kcell, Air Astana, Kolesa Group сынды жетекші компанияларда қызмет атқарып жатыр.

Айта кетерлігі, Tech Orda бағдарламасына қатысқысы келетіндер үшін Astana Hub платформасында IT-мектептердің толық тізімі мен курстар ұсынылған IT мектептер витринасы қолжетімді. Қосымша ақпаратты таңдаған мектептен немесе 1818 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

31 июля 2025
Interactive Range және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ ҚР ЦДИАӨМ қолдауымен 9–12 сынып оқушыларына арналған онлайн Bootcamp және CTF киберқауіпсіздік бойынша жобасын бастайды.

2025 жылғы 11–16 тамыз аралығында отандық Interactive Range платформасында 9–12 сынып оқушыларына арналған онлайн білім беру Bootcamp-ы өтеді. Бес күн бойы қатысушылар киберқауіпсіздік саласында негізгі білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін қарқынды білім беру бағдарламасынан өтеді. Соңғы кезең ретінде 16 тамызда Capture the Flag (CTF) жарысы ұйымдастырылады.

Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – финалистер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (МУИТ) және Satbayev University-де киберқауіпсіздік мамандығы бойынша білім алу үшін білім беру гранттарына үміткер бола алады.
Қатысуға тіркелу 2025 жылғы 31 шілде мен 10 тамыз аралығында ашық, тіркеу жарнасы 5 000 тг.

Толық ақпарат пен тіркеу формасы мына сілтемеде қолжетімді: https://cyberlabs.kz/bootcamp

Ақпараттық қауіпсіздік
31 июля 2025
ЦДИАӨМ-де киберқауіпсіздік саласындағы IT-нарық өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ЦДИАӨМ) IT-нарық өкілдерімен және киберқауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылармен кездесу өтті.

Іс-шараға Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы АКТ, білім және инновациялар Комитетінің төрағасы А. Болатжан, ҚР ЦДИАӨМ ҚК төрағасы, "Қазақстандық АТ-менеджерлерінің қауымдастығы" ҚБ Басқарма мүшесі А. Беклемишев, "Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы" ЗТБ төрағасы В. Покусов, "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ (TSARKA) Президенті О.Сатиев, сондай-ақ ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік саласындағы мамандар қатысты.

Жиында киберқауіпсіздік, кибергигиена, “Киберқалқан 2” тұжырымдамасын жүзеге асыру, киберқауіпсіздік саласындағы мамандар тапшылығы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке жаһандық қауіптер мәселелері талқыланды. Қатысушылар азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпаратты мемлекеттік және жеке деңгейде қорғау шараларын талқылады.

Министр Жаслан Мәдиев тұрақты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен жеке сектордың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Ол деректерді қорғау және сенімді киберқорғаныс инфрақұрылымын құру бойынша жүйелі және кешенді шараларды қабылдау қажеттігін жеткізді. 

Сонымен қатар Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов халық арасында кибергигиенаны дамытуға ерекше назар аударып, осы салада жүзеге асырылған бастамалар туралы баяндады.  Соның ішінде eGov mobile мобильді қосымшасында іске қосылған «СТОП-кредит» қызметі – банктен несие алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін атап өткен жөн. Бүгіннің өзінде аталған қызметті 4,5 миллионнан астам тұрғын пайдаланған. Сондай-ақ ел тұрғындары үшін ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйрете алатын citizensec.kz және nomadguard.kz атты оқыту платформалары іске қосылды.

Осылайша, бүгінде citizensec.kz платформасында 5 мыңнан астам адам киберқауіпсіздік саласында өз білімін жетілдіре алған. Шамамен 7 сағатқа созылатын онлайн курстар жеке деректерді қорғау, фишингке қарсы күрес, цифрлық этика, құпия сөзді қауіпсіз басқару және т.б. тақырыптарды қамтиды. Бағдарлама мемлекеттік органдардың мамандарымен қатар, басшылары үшін де әзірленген. Олар үшін ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру бойынша әдістемелік ұсынымдар көзделген.

Министр Жаслан Мәдиев ақпараттық қауіпсіздік Комитетіне кибергигиена мәдениетін көтеру және цифрлық алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Ол сонымен қатар IT-компанияларды министрліктің цифрлық сауаттылықты арттыруға және азаматтарды киберқауіптерден қорғауға бағытталған бастамаларын қолдауға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға жұмыстардың маңыздылығын айта отырып, ұлттық киберқауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.



30 июля 2025
Қоғамдық кеңесте 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорты талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде министрліктің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың паспорттары қаралды. Кеңес мүшелері жобада көзделген негізгі бағыттар мен жоспарланған шығыстар бойынша ұсыныстарын білдіріп, бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық жобаларды қолдау, ғарыш саласындағы бастамаларды қаржыландыру, сондай-ақ аймақтардағы байланыс сапасын арттыруға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында бюджет шығындарының жекелеген тармақтарын қайта қарау жөнінде ұсыныстар айтты. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, Министрлікке жолданатын болады.

30 июля 2025
Digital Bridge 2025: Астанадағы технологиялар мен инновациялар форумы

Астана жаһандық технологиялық қауымдастықтың назарын аударатын орталыққа айналады. 2025 жылдың 2-4 қазаны аралығында мұнда Орталық Азиядағы цифрлық технологиялар, стартаптар және жасанды интеллект саласындағы ең ірі халықаралық шара — Digital Bridge 2025 форумы өтеді. Форум Astana Hub халықаралық инновациялық кластері мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (ЦДИАӨМ), сондай-ақ Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылады.

Digital Bridge форумы жыл сайын әлемдік ІТ-индустрия көшбасшыларын, технологиялық инноваторларды, инвесторларды, мемлекеттік органдар өкілдерін, венчурлік қорлар мен стартап-экожүйе қатысушыларын біріктіріп, цифрлық трансформацияның жаһандық трендтерін, жасанды интеллект дамуын және өңірлік технологиялық ынтымақтастықты талқылауға мүмкіндік береді.

Форум алғаш рет ұйымдастырылған күннен бастап, Digital Bridge Еуразия аймағындағы басты технологиялық шара ретінде танылды. Осы уақыт ішінде форумға 100-ден астам елден 67 000-нан астам қатысушы, 1 000-нан астам спикер, 550 мемлекеттік және халықаралық ұйым өкілдері қатысты. 500-ден астам стартап өз жобаларын таныстырып, 500-ге жуық инвесторлар мен бизнес-ангелдер іскерлік бағдарламаларға атсалысты.

Форумның стратегиялық мақсаты — Қазақстанды Еуропа мен Азияны байланыстыратын технологиялық хаб ретінде таныту және инновацияларды экспорттай алатын, жаһандық технологиялық өнімдер шығара алатын тұрақты цифрлық экожүйе қалыптастыру.

Digital Bridge 2025 форумының басты тақырыбы — Generative Nation тұжырымдамасы. Бұл — озық технологиялар, жасанды интеллект және адами капиталға негізделген білім қоғамын құруға бағытталған елдің стратегиялық бағдары. Generative Nation — Қазақстанның технологияларды тұтынушыдан оларды жасаушы және жаһандық нарыққа шығаратын елге айналуын білдіреді.

Форум аясында әлемдік AI-индустрия көшбасшыларының қатысуы, alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы, Generative Nation Pitch байқауының финалы, Astana Hub Battle стартап сайысы, Startup Alley технологиялық шешімдер көрмесі, цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктері үшін Digital Bridge Awards премиясының жеңімпаздарының марапатталуы, панельдік сессиялар, интерактивті аймақтар және deep tech-пікір-таластар жоспарлануда.

AI WEEK — жасанды интеллект саласындағы білім, ғылым, инвестиция және мемлекеттік саясат түйіскен іс-шаралар апталығы 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Бұл — форумның ажырамас бөлігі болып табылады және университеттер, зерттеу орталықтары, венчурлік қорлар, стартаптар, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктіреді. Апта барысында AI және Data Science саласындағы әлемдік және қазақстандық сарапшылардан мастер-кластар, университеттерде ашық дәрістер, deep tech-сессиялар, воркшоптар, AI meetup-тар, Generative Nation Pitch байқауының мектеп оқушылары, студенттер мен жас ғалымдарға арналған жартылай финалы және мәдени іс-шаралар өтеді. AI Week мақсаты — жастарды, стартаптарды және ғылыми қауымдастықты технологиялардың дамуына белсенді тарту және жаңа буын AI көшбасшыларын қалыптастыруға ашық орта құру.

Generative Nation Pitch — төрт санат бойынша өтетін ашық байқау: мектеп оқушылары, студенттер, MVP-і бар стартаптар және ғылыми командалар. Жобалар үш кезең бойынша бағаланады: бірінші кезең — сарапшылар іріктеуі. Бұл кезеңде жобалар AI-технологияларды қолдану, идеяның түпнұсқалығы, масштабтау әлеуеті, команданың құзыреттілігі, презентацияның анықтығы мен тұтастығы, сондай-ақ жобаның этикалық аспектілері бойынша сарапталады.

Astana Hub Battle — форумның маңызды әрі танымал шараларының бірі. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерден 100-ден астам стартап өз жобаларын халықаралық қазылар алқасына, венчурлік инвесторларға, технологиялық корпорациялар мен БАҚ өкілдеріне ұсынады. 3 қазанда – жартылай финал, 4 қазанда форумның басты сахнасында – үздік 10 стартап қатысатын финал өтеді.

Digital Bridge Awards 2025 марапаты да форум аясында табысталады. Бұл — Қазақстанда және шетелдерде ІТ-саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетін жоғары марапат. Биыл марапат 8 номинация бойынша табысталады: Export Excellence, Tech Leadership Laureate, AI Solution of the Year, EdTech of the Year, GovTech Innovation, Tech Media Excellence, Social Impact Project и Breakthrough Startup.

Марапат төрт кезеңмен анықталады: онлайн өтінім беру, қосымша сауалнама, жасанды интеллект арқылы автоматты талдау және сарапшы қазылар алқасының бағалауы.

Startup Alley көрмесінде қазақстандық және шетелдік стартаптар финтех, EdTech, GovTech, Big Data, AR/VR, тұрақты даму, экотехнологиялар мен киберқауіпсіздік салаларындағы инновациялық шешімдерін таныстырады. Digital Bridge 2025-тің арнайы көрме аймағында жетекші ІТ-компаниялардың соңғы жетістіктері көрсетіледі. Қатысушылар ЖИ, бұлттық есептеулер, бағдарламалық қамтамасыз ету, финтех, GovTech және басқа да салалардағы заманауи цифрлық өнімдермен, қызметтермен, технологиялық шешімдермен және прототиптермен тікелей таныса алады.

Үш күн ішінде форум алаңында ондаған панельдік пікірталас, презентациялар, кездесулер, питчтер мен воркшоптар өтеді. Бұл — мемлекет, технологиялық бизнес, ғылыми қауымдастық және жастар бастамалары арасындағы диалогты дамытуға арналған бірегей мүмкіндік.

Digital Bridge 2025 — бұл жай ғана форум емес, ол цифрлық трансформацияның катализаторы, халықаралық байланысты нығайтатын, инновациялық экожүйені дамытатын және Қазақстанның жаңа цифрлық болмысын қалыптастыратын стратегиялық платформа. Қазақстан цифрландырудың уақытша үрдіс емес екенін, керісінше ол ұлттық басымдық пен жарқын болашақтың кепілі екенін айқын көрсетіп отыр.

 

28 июля 2025
ЖИ жұмыс пен өмірде: Қарағандыда болашақ технологияларына арналған воркшоп өтті

2025 жылғы 25 шілдеде Қарағандыдағы IT-хаб “Терриконовая долина” алаңында жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдануға қызығушылық танытқан ондаған тыңдаушыны жинаған воркшоп өтті.

Жасанды интеллекттің дамуы күнделікті өмірді қарқынды түрде өзгеруде: жеке көмекшілер мен мәтін генераторларынан бастап, бизнестегі аналитикалық процестерді автоматтандыруға дейін. Кездесу барысында қатысушылар дәл осы өзгерістерді - тұрмыстық ыңғайлылық тұрғысынан да, кәсіби қолданыс тұрғысынан да кеңінен талқылады.

Іс-шараны “A-Бизнес Казахстан” компаниясының негізін қалаушы Тимур Дурмагамбетов ашты. Ол no-code ЖИ-құралдарына шолу жасап, оларды жеке тиімділікті арттыруда және бизнес міндеттерін шешуде қолдану мысалдарын көрсетті. Ол бүгінгі таңда кез келген адам, техникалық дайындық деңгейіне қарамастан, ЖИ-ні қолдана алатынын және соның арқасында өнімділікті арттыра алатынын ерекше атап өтті.

“Күн тәртібін жоспарлау, спортпен айналысу, тіл үйрену - осының бәрінде жасанды интеллектіні қолдануға болады. Бұл өмірді сапалы, жүйелі және тиімді ететін құрал”, – деді Тимур.

Ислам Iскежанов, халықаралық DataArt IT-компаниясының Business Intelligence Engineer-і, ЖИ-нің бизнес-аналитикаға енгізу туралы айтып, қауіпсіздік мәселелерін талқылады және орынды сұрақ қойды: ЖИ мамандарды ауыстыра ма, әлде оларға көмекші бола ма?

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек технологиялық трендтерді түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, тәжірибелі мамандардан шабыт алып, көкейде жүрген сұрақтарды қоюға жағдай жасайды.

“Жасанды интеллект енді тек ерекше құбылыс емес, ол күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Біз адамдарға тез өзгеретін әлемге бейімделуге және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін құралдарды ұсыну маңызды деп есептейміз”, – деп “Терриконовая долина” СЕО-сы Сабир Ниязов бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар ЖИ-нің қолжетімді әрі тиімді құрал екенін, оны өмірдің барлық саласында белсенді қолдануға болатынын атап өтті. Әрбір қатысушы воркшоптан ЖИ-ні жеке немесе кәсіби үдерістеріне қалай енгізу керектігі туралы нақты ұсыныстармен қайтты.

28 июля 2025
Қытай мен Орталық Еуразия арасындағы жаңа стратегиялық көпір: Шанхайда Khan Tengri Innovation Hub инновациялық хабы ашылды

Азияның «Кремний алқабы» аталып кеткен Zhangjiang ғылыми-технологиялық паркінде Орталық Еуразия елдерінің технологиялық әлеуетін әлемдегі екінші экономика – Қытай экожүйесімен интеграциялауға бағытталған алғашқы мамандандырылған платформа – «Хан Тәңірі» инновациялық хабы (Khan Tengri Innovation Hub) ресми түрде ашылды.

Бұл бастама қазақстандық Growth Vision Pro компаниясы тарапынан көтеріліп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ өңірдегі жетекші технопарктер – Astana Hub (Қазақстан) пен IT Park Uzbekistan-ның қолдауымен жүзеге асырылды.

Khan Tengri Innovation Hub – жаңа буындағы технологиялық дипломатия алаңы ретінде құрылып отыр. Ол Орталық Еуразияның стартаптары, инновациялық компанияларын және R&D орталықтарын Қытай нарығымен, сондай-ақ оның жаһандық мүмкіндіктерімен байланыстыруды көздейді. Бұл бастама өңірлер арасындағы орнықты технологиялық әріптестікке деген өсіп келе жатқан қажеттілікті көрсетеді.

«Khan-Tengri Innovation Hub өңірдегі стартаптар мен кәсіпкерлер үшін қытайлық инвесторлармен байланыстыратын көпірге айналып, инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға жол ашады. Біз бұл хаб еліміздің технологиялық компаниялары өнімдерін Қытай нарығына ілгерілетуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Хабтың негізгі мақсаттары:
1. Цифрландыру, жоғары технологиялар және R&D салаларында трансшекаралық технологиялар трансферін дамыту;
2. Орталық Азияның ІТ-компаниялары мен стартаптарына Қытай нарығына шығуына қолдау көрсету;
3. Қытай технологиялық компанияларының Еуразия мен одан ары Еуропа және MENA нарығына «Орта дәліз» арқылы «жұмсақ енуін» қамтамасыз ету;
4. Бірлескен R&D-жобаларын, технологиялар трансферін және венчурлік капитал тартуды жүзеге асыру;
5. Қытайда Орталық Еуразия елдерінің танымалдылығын арттыру.

«Хан Тәңірі» инновациялық хабы – Қазақстан мен Орталық Азия компанияларының Қытайда өз бизнесін сенімді түрде бастауына және дамытуына арналған алаң. Бұл – әлемдегі ең күрделі әрі бәсекеге қабылетті нарыққа шығу үшін негізгі кедергілерді жоюға бағытталған бастама. Хабтың басты мақсаты – еуразиялық стартаптар мен ІТ-компаниялар үшін жаһандық мүмкіндіктерге жол ашу.

Khan Tengri Innovation Hub-та қатысушыларға Қытайдың алдыңғы қатарлы технологиялық парктерінің бірінде жұмыс істеу және өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи кеңселер, коворкингтер, сервис апартаменттері – бұлардың барлығы тұрмыстық және ұйымдастыру мәселелеріне қарамастан, өнімді толық дамытуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы – барлық кезеңде қолдау көрсетіледі: заңдық және салықтық кеңес беруден бастап, қытайлық инвесторлармен, өндірістік серіктестермен және акселераторлармен байланыс орнатуға дейін. Мұндай тәсілді жаңа бизнес-ортада «жұмсақ қону» – soft-landing деп атайды.

Инфрақұрылымнан бөлек, хаб білім беру және акселерациялық бағдарламаларға қол жеткізуді ұсынады, бұл компанияларға Қытайда тез бейімделіп, масштабталуға мүмкіндік береді. Қытайлық XNode акселераторымен бірлесіп әртүрлі даму деңгейіндегі компанияларға арналған бағдарламалар әзірленді. Олардың қатарында нарықты зерттеп, шығу стратегиясын құруға бағытталған қысқа мерзімді China Market Entry Bootcamp, сондай-ақ компанияны іске қосып, Қытайдағы қатысуды кеңейтуге арналған China Launchpad та бар. Қатысушылар менторлық қолдау алып, воркшоптарға қатысады, іскерлік кездесулер өткізіп, Қытай технологиялық экожүйесін өз ішінде зерттеп бастайды.

Khan Tengri Innovation Hub – әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына жол ашады, ол инвестиция тартуға, серіктестер табуға және технологиялық шешімдерді экспорттауға көмектеседі. Бұл – көптеген компаниялар үшін жаһандық ойыншыға айналуға берілген мүмкіндік.

23 июля 2025
ЦДИАӨМ және Astana Hub білім беру бастамалары: Қазақстан халқының барлық санаттарына арналған тегін ЖИ курстары

ЦДИАӨМ пен Astana Hub бірлесіп, жасөспірімдерден бастап ересектер мен мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі барлық санаттағы азаматтар үшін жасанды интеллект (ЖИ) саласында ауқымды және тегін білім беру жобаларын жүзеге асыруда.

2025 жылдың қазанында Астанада TUMO шығармашылық технологиялар орталығы ашылады — 12-ден 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған тегін білім беру алаңы. Бағдарлама генеративті ЖИ, ойындар жасау, анимация, 3D-модельдеу, робототехника және тағы басқа 11 бағытты қамтиды. Орталық Alem.ai халықаралық ЖИ орталығының 2 және 3-қабаттарында орналасады және жылына 5000 оқушыға тегін білім беру жоспарлануда. Қабылдау талаптары жоқ, өтінімдерді hamar сайтында snart.kazakhstan/alem.ai жақында бастайды. Келесі 3–5 жыл ішінде жоба Қазақстан бойынша, оның ішінде шалғай аймақтарда кеңейтіледі.

2021 жылдан бастап Tech Orda бағдарламасы аясында бағдарламалау, Big Data, киберқауіпсіздік және басқа IT салалары бойынша 10 000-ға жуық адам оқыды. Оқыту аяқтағандардың 88%-ы жұмысқа орналасқан. Tech Orda 72 жеке IT мектебімен ынтымақтасып, 6 айдан астам мерзімге арналған курстарға тегін қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Іргелі бағдарламалау мен ЖИ-ды терең меңгеру үшін 2024 жылғы қазаннан бері Tomorrow School — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer моделіне негізделген жасанды интеллект мектебі жұмыс істейді.

«Бұл Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі, мұнда мұғалімдер жоқ, студенттер бір-біріне көмектесіп оқиды. Оқу екі жылға созылады, осы уақыт ішінде студенттер 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, 20 тілге дейін бағдарламалау тілдерін меңгереді. Біз тегін оқытуды, тәулік бойы жұмыс істейтін кампусты, сарапшылардың қонақ лекцияларын, студенттік клубтарды және облыстардан келген студенттерге арналған тегін тұруды қамтамасыз етеміз», — деді Astana Hub Басқарушы директоры Валерия Те.

IT саласындағы әйелдерді қолдауға ерекше назар аударылады. Tomorrow School студенттерінің 30%-ын қыздар құрайды. Сондай-ақ, TechnoWomen серіктестігімен бірге үш жыл бойы IT-Áiel жобасы жүзеге асырылып келеді, оған Қазақстанның барлық өңірінен 5,5 мың әйел оқыды.

Astana Hub үш тегін онлайн курсты ұсынады:
• «ЖИ негіздері: ChatGPT» — Lerna және Skillbox-пен серіктестік, 220 мыңнан астам қолданушы, оның 124 мыңы оқытуды сәтті аяқтады;
• QazCoders — Udacity платформасымен серіктестік, 4 курс, соның ішінде ЖИ бойынша, 2025 жылғы наурыздан бастап 4000-ға жуық қатысушы;
• «Деректерді талдау және Python негіздері» — Яндекс Практикуммен серіктестік, 2025 жылғы сәуірден бері 1500-ден астам қатысушы.

ЖИ бойынша тегін курстарға қатысу үшін Astana Hub мобильді қосымшасын жүктеп, AI Movement бөлімінен қажетті курсты таңдауға болады. Оқығандарын тәжірибеде қолданғысы келетіндер үшін қыркүйекте 2500-ден астам қатысушысы бар және үздік командаларға ақшалай сыйлықтар берілетін ең ірі мультилокациялық хакатон — Decentrathon 4.0 өтеді.

Командасы немесе жобасы жоқ мамандарға арналған AI Preneurs бағдарламасы бар, ол талантты мамандарды біріктіріп, ЖИ саласында инновациялық стартаптар жасауға бағытталған. Бұл тәсіл дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, нарықты өзгертетін нақты жобаларды жасауға мүмкіндік береді.

Ересектерге арналған ЖИ білімін дамыту аясында 2025 жылғы мамырда Астанада 9–12 сынып оқушылары арасында алғашқы Республикалық жасанды интеллект олимпиадасы — AI Olymp өтті. Олимпиадаға 683 мектеп оқушысы қатысты, олардың 40 үздігі Astana IT University-де финалға шықты. 12 үздік қатысушы қыркүйекте Қытайдың Пекин қаласында өтетін Халықаралық ЖИ олимпиадасына Қазақстан атынан қатысуға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиынына шақырылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекет қызметкерлері үшін AI Qyzmet бағдарламасы іске қосылды — бұл Орталық Еуразиядағы алғашқы ЖИ құралдарын жұмыс процесіне енгізуге арналған бастама. Академия мемлекеттік басқару базасында өткізілетін және қысқа видеолекциялар форматында жүргізілетін курсқа 16 мыңнан астам маман қатысып, сертификаттар алды. Бағдарлама аясында жыл сайын 30 мыңға дейін мемлекеттік қызметкерді оқыту жоспарлануда.

Осылайша, білім беру бастамалары Қазақстандағы жасанды интеллект саласындағы адам капиталын нығайтып, цифрлық қоғамның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аэроғарыш өнеркәсібі
Аэроғарыш комитеті
22 июля 2025
Қазақстан мен Венгрия ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде министр Жаслан Мадиев пен Шығыс Еуропадағы ақпараттық-коммуникациялық, телекоммуникациялық және қорғаныстық цифрлық технологиялар саласындағы жетекші компаниялардың бірі саналатын венгрлік 4iG Group технологиялық холдингінің делегациясы арасында ресми кездесу өтті.

Кездесу барысында спутниктерді құрастыру, Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, жерүсті инфрақұрылымды дамыту, мамандар даярлау және бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру бойынша екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Келіссөздердің нәтижесінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен 4iG Space and Defence Technologies Private Limited Company (4iG Group-тың еншілес құрылымы) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бірлескен жұмыс тобын құруды және спутниктік технологиялар, деректермен алмасу, жерүсті инфрақұрылымы мен кадр даярлау салаларындағы өзара іс-қимылды көздейді.

Сапар аясында 4iG Group делегациясы Ұлттық ғарыш орталығына барып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Ghalam» ЖШС қызметімен, сондай-ақ ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ қонақтарға Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығының қызметі, соның ішінде ғарыштағы ғылыми әзірлемелер таныстырылды.

Сапар соңында 4iG Group өкілдері 2025 жылғы 8–9 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін, әлемнің жетекші сарапшыларын, ғарыш агенттіктері мен компанияларын біріктіретін SPACE DAYS KAZAKHSTAN 2025 халықаралық форумына қатысуға шақырылды.

 

Жасанды интеллект
18 июля 2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында суперкомпьютермен ЖИ экожүйесін құру: Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралды. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ЖИ инфрақұрылымын құру туралы баяндады. Оның айтуынша мемлекеттік органдардың деректерді өңдеу орталығы таяуда іске қосылған суперкомпьютерге кіріктірілді. Қазақстанда институционалдық ортаны қалыптастыру үшін 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ-ді дамыту Тұжырымдамасы бекітілді, «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді. ЖИ саласында кадрлар даярлау үшін AI Corporate, TUMO Center, AI People және тағы да басқа білім беру бағдарламалары іске асырылады. E-agent, egov AI, AI-терапевт, tax helper, SDU және E-аудармашы сияқты әзірленіп жатқан цифрлық шешімдер туралы мәліметтер тыңдалды.  

Отырыс барысында салаларды цифрлық трансформациялау қарқыны қаралды. QazTech ұлттық платформасы цифрлық өнімдерді жедел құруға арналған. Министрдің айтуынша, цифрландырудың платформалық моделін енгізу жаңа IT-шешімдерді іске қосу мерзімін 1,5-3 жылдан 6 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Платформа бірыңғай стандарттарды, security by design қағидаты бойынша қауіпсіздікті және бұлтты технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді. QazTech сынақтары ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аяқталды, толық іске қосу тамыз айына жоспарланған. Бүгінгі таңда QazTech платформасында мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-порталы, Smart Bridge, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі Қоршаған ортаның ұлттық мәліметтер базасы және тағы басқалар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде барлық мемлекеттік органдар бір уақытта озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, соның ішінде Сингапур тәжірибесін қоса алғанда, цифрлық трансформация карталарын әзірлеуде. Бұл карталар жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдана отырып, негізгі процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған. Басты назар ескірген процедураларды қайта өңдеуге, деректерді цифрландыруға, сондай-ақ, E-Otinish, 109 және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен азаматтардың сұраныстарын қайта өңдеуге аударылған. Карталар шеңберінде негізгі басымдық үдерістердің реинжинирингіне және жасанды интеллектті қоса алғанда, перспективалы технологияларды енгізуге берілген.

Премьер-министр іске қосылған суперкомпьютерді қоса алғанда, құрылып жатқан ЖИ ұлттық инфрақұрылымы мемлекеттік органдардың қызметіне жасанды интеллект енгізу жөніндегі жұмысты жандандыра түсуде үлкен мүмкіндіктер беретініне назар аударды. Олжас Бектенов бір айдың ішінде цифрлық трансформация карталарына қатысты жұмысты аяқтауды тапсырды. Олар ЖИ-ды интеграциялауға негізі болмақ, сондай-ақ бизнеске де мемлекеттік деректер базасында өз жобаларын жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы
https://primeminister.kz/ru/news/sozdanie-ekosistemy-ii-s-superkompyuterom-v-ramkakh-porucheniy-glavy-gosudarstva-olzhas-bektenov-provel-zasedanie-komissii-po-voprosam-tsifrovizatsii-30295 

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы