Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
31 января 2025
Алматыда «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» тақырыбымен Digital Almaty 2025 VII Халықаралық цифрлық форумы басталды

Биыл  форум жасанды интеллект әсерінен өнеркәсіпті трансформациялауға және оның өндірістік процестердің тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттырудағы негізгі рөліне арналған.

Форума ясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтті, оған Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы қатысты.

Digital Almaty 2025 форумы Industrial AI – ге және оның өнеркәсіпке ғана емес, медицина, білім беру, креативті индустрияның басқа да негізгі салаларына ықпалына назар аударады. Биыл тұрақты даму (ESG), киберқауіпсіздік, қаржы секторына, медицина мен биотехнологияға ЖИ енгізу тақырыптарына ерекше назар аударылды. Форум аумағында алғаш рет технология мен спортты біріктіретін дрон-футболдан чемпионат, сондай-ақ озық әзірлемелерді көрсететін роботтардың интерактивті паркі ұйымдастырылды.

Іс-шараға 220 компания қатысады, олардың арасында тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының көшбасшылары, жасанды интеллект, робототехника, финтех және медтех саласындағы стартаптар бар. Форумға Ричард Стирлинг (ces Oxford Insights), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас директоры), Тоджу Дюк (Bedrock ai негізін қалаушы), Йорам Вайнгаард (CEO Dealroom) және т.б. сияқты әлемдегі жетекші сарапшылар жиналды.

Digital Almaty 2025 форумы кезінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект қазірдің өзінде жаһандық экономиканы өзгертіп жатқанын және Қазақстан көшбасшылар қатарында болуға ұмтылатынын атап өтті. «Ол үшін технологияларды енгізіп қана қоймай, экожүйені құру — кадрлар даярлау, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту маңызды. Мұндай форумдар нәтижелі диалог пен бірлескен бастамалар үшін платформа құра отырып, мемлекеттің, бизнестің және ғылымның күш-жігерін біріктіруге көмектеседі».

Министр ұлттық бағдарлама аясында 2030 жылға қарай 1 миллион азаматын ЖИ-ке оқыту жоспарланғанын хабарлады. Бұған  AI Kyzmet Bootcamp бағдарламасы аясында 500 мың оқушы, 300 мың студент, сондай-ақ 90 мың мемлекеттік қызметші кіреді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын, стартаптарды қолдауды, жетекші әлемдік компаниялардың зертханаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару үшін ЖИ саласындағы әзірлемелерді біріктіретін Халықаралық орталық Alem.AI ашылады.

ЖИ саласындағы заманауи білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін AI Movement және LMS білім беру платформаларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында AI Olymp республикалық олимпиадасын іске қосу жоспарлануда. Бұл бастамалар озық технологиялармен жұмыс істеуге дайын кәсіби қоғамдастық құруға мүмкіндік береді.

Министр сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы өршіл мақсаттарды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет екенін атап өтті. Қазақстан ЖИ енгізу үшін есептеу қуатын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл ұлттық тіл модельдерін, оның ішінде KazLLM құру үшін негіз болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін ЖИ-агенттерді дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық платформа және мемлекеттік құрылымдардың жабық контурындағы деректермен қауіпсіз және құпия жұмысты қамтамасыз етеді.

Институционалдық қолдау да маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы ЖИ реттеу туралы заң жобасын қабылдау, сондай – ақ осы саладағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын негізгі құжат – ЖИ дамытудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жоспарлануда. Форумда Astana Hub AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, FIRST Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда 24 Үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін таласады. Негізгі оқиғалардың бірі Industrial AI Battle – AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптардың жарысы, жүлде қоры 60 000 доллар және форум серіктестерінің гранттары.

Дәстүрлі стартаптар аллеясы мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік беретін 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады. "ИндустрияX"аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар өнеркәсіптік кәсіпорындарда АИ енгізудің табысты кейстерін ұсынады. Панельдік талқылау барысында АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Иран елдерінен келген жетекші жер қойнауын пайдаланушылар ментехнопарктер өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану туралы әңгімелейді.

Екі күндік цифрлық іс-шараға 40мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Digital Almaty 2025 ұйымдастырушылары: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры. 

 

Анықтама:

Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және

Astana Hub.

Бас серіктес: Freedom Bank

Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс

санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,

CITIX

Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;

Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK

Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL

Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ

Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,

BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,

Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

 

30 января 2025
Digital Almaty 2025: Қазақстан Dealroom.co платформасы арқылы жаһандық IT-инновациялар картасынан орын тапты

2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады.

«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.

Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.

Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.

Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.

Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! Толық ақпаратпен танысу үшін сайтқа өтіңіз.

 

Анықтама:

Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және

Astana Hub.

Бас серіктес: Freedom Bank

Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс

санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,

CITIX

Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;

Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK

Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL

Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ

Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,

BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,

Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.

 

27 января 2025
Пойыздарда спутниктік интернет қосылды

«Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 поездарының жолаушылары Интернетке қосылды. Бұл рейс теміржол көлігінде заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында іске асты.

Бұл ЦДИАӨМ мен Eutelsat-OneWeb компаниясы арасындағы келісімнің арқасында жүзеге асты. Бұлжоба интернетке дәстүрліқосылутәсілдерішектеулінемесеондай мүмкіндік жоқ елдіңшалғайөңірлерінде тұрақтыжәне жоғары жылдамдықтықолжетімділіктіқамтамасыз етуге бағытталған.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов жаңа технологияны Wi-Fi көмегімен желіге қосылу бойынша сынады.

Пойыздардағы Интернет заманауи спутниктік технологияларды пайдалана отырып қосылады, бұл жолаушыларға сапар бойы мессенджерлерді, бейне хостингтерді және басқа да онлайн-сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Біз Eutelsat-OneWeb компаниясымен спутниктік байланысты қосу бойынша ынтымақтастық аясындағы жоспарларымыздың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Өздеріңіз білетіндей, біздің еліміздің аумағы үлкен және дала бойынша интернет қолжетімсіз, енді пойыздарда оған қосылу және сапар барысында онлайн сервистерге қол жеткізуді пайдалану мүмкіндігі бар», - деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жолаушылармен кездесуде.

КөптегенжолаушыларWhatsApp бейне қоңырауыарқылытуыстарынабірденқоңыраушалып, YouTubeбейнелерінкөріп, басқа да танымалқызметтердіпайдалана алды.Жолаушыларжаңақызметтіңсапарды,әсіресеұзақмаршруттардаыңғайлы ететінін атап өтті.

Интернеттің қосылу жылдамдығы 50-100 Мб/с болды, бұл интернетті ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ торренттер мен ағындық жүктеулерге қол жетімділік шектеулі болады.

Айта кетейік, аталмыш жоба № 3/4 «Астана-Алматы» пойызының бір құрамында іске асырылды және пилоттық кезең сәтті аяқталғаннан кейін басқа бағыттарға кеңейтілетін болады, бұл «ҚТЖ» АҚ Ұлттық тасымалдаушысының заманауи технологияларды енгізу және сервис сапасын жақсарту жөніндегі стратегиялық бағытына сәйкес келеді.

Eutelsat-OneWebспутниктікжелілерінбасқаруОрталығы«Көктерек» ОКЖ-де орналасқан және тек Қазақстандығанаемес, бүкілОрталықАзияөңірінқамтудықамтамасыз етеді.

Интернетті қосу жобасын Қазақстандағы OneWeb ресми серіктесі «Jusan Mobile» компаниясы іске асыруда. Eutelsat-OneWeb авиацияда, теңіз тасымалында және корпоративтік секторларда белсенді қолданылады, бұл оның әмбебаптығы мен сенімділігін көрсетеді.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

24 января 2025
Digital Almaty 2025 әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мыңнан астам қатысушы жинайды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы Digital Almaty 2025 туралы баспасөз конференциясы өтті. Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов атап өткендей, жылдың ең ірі цифрлық оқиғасы – Digital Almaty 2025 VII халықаралық форумының басталуына бір апта қалды.

Digital Almaty 2025 өнеркәсіптегі серпінді өзгерістерге және ai жаһандық индустрияның болашағына әсеріне арналған. AI технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізгі драйверіне айналуда. Екі күндік цифрлық іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

"Digital Almaty 2025 форумы – BigTech компанияларын халықаралық ЖИ орталығына тарту үшін тамаша алаң. Ол жыл сайын өткізіледі, бұл қазірдің өзінде жетінші Digital Almaty. Digital Almaty 2025 жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды", - деді Ғиззат Байтұрсынов.

Digital Almaty-ге жеке қатыса алмағандардың барлығына алғаш рет бірегей виртуалды көрме ұсынылады. Көрмеге сілтеме форумның ресми сайтында орналастырылады almatydigital.kz.

VII Digital Almaty AI-ны өнеркәсіптік экожүйелерге, экономика мен қаржыға, ESG, медицина, білім беру және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады.

 инновациялық технологиялар» Автономды кластерлік қорының Басқарушы директоры Дания Ахметова  форум бағдарламасының мәліметтерімен бөлісті.

Форум аясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтеді. Биыл форумға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары жиналады. Кейін дәстүрлі Digital Awards 2025 сыйлығы беріледі.

"Форумда Astana Hub - AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, сондай-ақ first Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда үздік 24 мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін жарысады. Форумның басты оқиғаларының бірі Industry AI Battle болады — AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптар шайқасы. Қатысушылар форум серіктестерінің гранттарымен қатар $60 000 жүлде қоры үшін жарысады", - деді Дания Ахметова. 

Дәстүрлі стартаптар аллеясы 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады, бұл мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялар туралы білуге мүмкіндік береді. "Индустрия X" аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда іске асырылған табысты жобаларды ұсынады. АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Ираннан келген отандық жер қойнауын пайдаланушылар мен технопарктер панельдік сессиялар аясында Жасанды интеллект өндірістік процестерде қалай қолданылатынын айтып береді.

Биыл форумға Ричард Стирлинг (CEO Oxford Insights), Эндрю Ын (DeepLearning.AI негізін қалаушы), Ян Лекун (Тьюринг сыйлығының лауреаты), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас атқарушы директоры), Тодзю Дюк (Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры), Ник Давыдов (венчурлық инвестор, DVC қорының негізін қалаушы және серіктесі), Йорам Вийнгаарде (Dealroom компаниясының негізін қалаушы және CEO), сондай-ақ IT және технологиялар саласындағы басқа да жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" Дербес кластерлік қоры.

Форум 2025 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанына дейін Атакент көрме кешенінің алаңында өтеді.

24 января 2025
Цифрландыру министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және Спорттық бағдарламалау федерациясы мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізеді

Цифрландыру министрлігінде маңызды кездесу өтті. Оған Цифрландыру министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бектаұлы Бейсембаев және Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Батырбекұлы Мусин қатысты. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамыту бойынша шаралар талқыланды.

Кездесудің негізгі оқиғасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды. Бұл құжат еліміздегі жасанды интеллект бойынша білім берудің жаңа кезеңін бастауға негіз қалады. Осы келісімнің маңызды нәтижесі ретінде мектеп оқушылары арасында алғашқы республикалық жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасын өткізуді шешті.

Олимпиада жасанды интеллект және оған жақын салаларға (спортивтік бағдарламалау, математика, деректерді талдау) қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, қолдауға, сондай-ақ оқушыларды Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасына дайындауға бағытталған.

«Бұл шараны біз болашақ қоғамды құруға деген ұмтылысымызды білдіретін "Generative Nation" бастамасы аясында ұйымдастырып отырмыз. Мемлекет ретінде біз жас таланттарымызды қолдауға және олардың идеяларын іске асыруға жағдай жасауға қуаныштымыз. Спорттық бағдарламалау – бұл тек интеллектуалдық жарыс емес, ол ойлау мен табандылық мектебі. Мұнда жас мамандар күрделі тапсырмаларды еңсере отырып, шынайы өмірдің қиындықтарына дайындалады. Алғашқы республикалық мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша AI Olymp олимпиадасы – талантты оқушылар үшін бағдарламалау, математика және деректерді талдау салаларында өзін-өзі көрсетуге тамаша мүмкіндік. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект экожүйесін дамыту мен халықаралық жетістіктерге жол ашатын алғашқы қадам болады», – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

«Қазақстан бүгінгі таңда білім беру үдерісіне озық технологияларды батыл енгізіп, уақытпен бірге ілесіп келеді. AI Olymp олимпиадасын өткізу – дарынды оқушыларымыздың әлеуетін ашуға және жаңа буын жоғары білікті мамандарды дайындауға стратегиялық қадам. Біздің жастар өздерін қолдауды сезінуі маңызды»,деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Олимпиада көктемде екі кезеңде өтеді. Елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар бағдарламалау, математика және классикалық машиналық оқыту тапсырмаларын шешетін онлайн іріктеу кезеңіне қатыса алады. Ең үздік 30-40 қатысушы машиналық оқыту алгоритмдері, деректерді талдау және жасанды интеллект концепцияларымен байланысты практикалық тапсырмаларды шешетін финалдық кезеңге шақырылады.

Ең жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушылар 2025 жылдың 2-9 тамызында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында өтетін Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI) Қазақстан құрамасының құрамын анықтау үшін арнайы дайындықтан өту мүмкіндігіне ие болады.

«Еліміздің спорттық бағдарламалау құрамасына қатысу – тек бедел ғана емес, сонымен қатар жеке және кәсіби өсудің бірегей мүмкіндігі. Спорттық бағдарламалау қазіргі IT нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамытады: күрделі мәселелерді тез әрі тиімді шешу, алгоритмдік ойлау және қысым жағдайында жұмыс істеу қабілеті. Сонымен қатар, бұл IT экожүйесінің бір бөлігі болу, еліміздің болашағын қалыптастыру және әлемдегі үздік университеттер мен компаниялардың есігін ашу мүмкіндігі», – деп атап өтті Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті Бағдат Мусин.

 

24 января 2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Цифрлық даму министрлігі Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріне қолжетімділік бойынша қазіргі мәселелер ғаламдық сипатқа ие екенін хабарлайды.

Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді.

Қосымша ақпарат қолжетімді болған кезде хабарланатын болады.

Айта кету керек, бұл ақаулар «ҰАТ» АҚ қызметімен байланысты техникалық ақауларға қатысы жоқ.

 

24 января 2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Цифрлық даму министрлігі «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды.

Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

17 января 2025
Телекоммуникациялар туралы ҚР жаңа Заңын әзірлеу бойынша стратегиялық сессия: Қазақстан технологиялық болашақтың негізін қалап жатыр

17 қаңтарда Astana Hub алаңында «Телекоммуникациялар және деректерді өңдеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеуге арналған стратегиялық сессия өтті. Бұл заң цифрлық әлемнің шындығына бейімделу және уақыт талаптарына сай экожүйе құру жолында маңызды қадам болмақ.

Сессияны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және QazTech қауымдастығы ұйымдастырды. Бір алаңда телекоммуникация саласының жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бас қосты. Кездесудің басты мақсаты — алдағы онжылдықтарда телекоммуникация саласын дамыту жолдарын анықтау болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, қолданыстағы заң 20 жыл бойы саланы сенімді түрде қолдап келді, алайда оны жаңарту уақыты келді. Қазақстанға алдағы 20–30 жылда қандай технологиялар мен реттеуші шаралар қажет болатынын анықтап, бизнеске қолайлы жағдай жасап, халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет.

Заңнамалық өзгерістер байланыс инфрақұрылымын дамытуға, оның қолжетімділігін және сапасын арттыруға бағытталған. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева атап өтті:

«Заң шығарушы ретінде мен бұл процеске қатысып, оны қолдаймын. Өзгерістер сала дамуына, тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, операторлар үшін оңтайлы шешімдер ұсынуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар, реттеуші органның тиімділігін қамтамасыз ету маңызды. Бұл – жауапты жұмыс, және мен біздің бірлескен күш-жігеріміз оң нәтиже береді деп сенемін».

Бұрын тек телефония мен пошта байланысын реттеген заң енді интернет, Wi-Fi, радиожиіліктер және 5G сияқты жаңа технологияларды ескере отырып қайта қарауды талап етеді.

ЦДИАӨМ-нің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков жұмыс тобы нарық қатысушыларынан түскен ұсыныстарды белсенді түрде талқылағанын атап өтті. Қазіргі уақытта саладағы реттеуді жақсартуға бағытталған заң жобалары әзірленуде. Радиожиіліктерге және 5G мен Wi-Fi сияқты технологияларға ерекше көңіл бөлінуде.

Заң жобасында ұғымдық аппаратты өзектендіру, деректер орталықтары үшін критерийлерді жаңарту, интернет трафигімен алмасудың жеке нүктелерін енгізу, геостационарлық емес орбиталарды пайдалану шарттарын жаңарту, телекоммуникация инфрақұрылымын салуға қатысты нормаларды және басқа да түзетулерді қарастыру жоспарлануда.

«Біз байланыс инфрақұрылымының трансформацияланып жатқанын көріп отырмыз. Бұрын инфрақұрылым негізінен мыс желілер мен телефон қосылымдарына негізделген классикалық үлгіде болатын. Бүгінгі күні инфрақұрылым конвергентті болып қалыптасты: ол оптикалық-талшықты және сымсыз технологияларға негізделген және телефон байланысы, интернет, Wi-Fi, 5G, бейнебақылау, IoT сияқты қызметтерді қамтамасыз етеді», – деді ол.

«Жауапты байланыс операторлары қымбат және резервтелетін инфрақұрылымды салады, ол айтарлықтай капиталды инвестицияларды және өзін-өзі ақтау мерзімін талап етеді. Бұл парадигма аясында ірі және шағын компаниялар жұмыс істейді. Алайда инфрақұрылымға ешқандай инвестиция салмай, жасанды бәсекелестік тудыратын псевдооператорлар да бар, бұл нарыққа зиян келтіреді. Осыған байланысты, мен интернет қызметтерін ұсынуға лицензиялауды қайтаруды ұсындым», — деп пікірін білдірді «Қазақтелеком» АҚ-ның стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.

Жеке байланыс операторларын қолдау және олардың одан әрі дамуына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Ең маңызды мәселе — жергілікті байланыс операторларын қолдау. Жоғары бәсекелестік жағдайында операторлардың тек аман қалуы ғана емес, сонымен қатар дамуы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Егер нарықта тек ірі ойыншылар ғана қалатын болса, бұл қызмет көрсету сапасының төмендеуіне және тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігінің шектелуіне әкеледі. Сондықтан жергілікті нарықтарда тиімді жұмыс істей алатын шағын және орта операторларды қолдау қажет.

«Заңнама мен реттеудегі барлық өзгерістер нарықты дамытуға, тұтынушылар үшін қызмет сапасын жақсартуға және саланың тұрақты өсуіне жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Біз инвесторлармен, сарапшылармен және операторлармен белсенді жұмыс істеп, технологиялық және заңнамалық деңгейде даму қамтамасыз ететін шешімдер әзірлеуіміз қажет», — деді өз сөзінде ҚР Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев.

Жаңартылған заң телекоммуникация саласының тиімді дамуының негізіне айналды. Ол бизнес үшін қолайлы жағдай жасап, Қазақстан азаматтары үшін қызметтердің сапасын арттырады.

Сарапшылардың, операторлардың және мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан өңірдегі технологиялық көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта береді.

 

17 января 2025
FWA технологиясы арқылы 100-ден астам ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі

Елімізде сымсыз байланыс технологиясы (FWA) бойынша пилоттық жоба аясында 100-ден астам ауыл интернетпен қамтылады. Бірінші болып Алматы облысындағы Сарыбай би ауылы қосылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтудың жаңа әдісінің артықшылықтарын бағалап, Сарыбай би ауылының тұрғындарымен әңгімелесті.

Бұған дейін Сарыбай би ауылының тұрғындары ескірген ADSL технологиясы арқылы интернетке қосылып келген еді. Бұл технология жылдамдық пен қосылу сапасының шектеулігімен ерекшеленеді. Желі инфрақұрылымын құрудың жаңа тәсілі деректерді секундына 200-300 Мбит жылдамдықпен беруге, үлкен аумақтарды қамтуға және қолданушылар санының артуына қарамастан тұрақты қосылымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

105 үй жаңа технологияға қосылып, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Қазіргі уақытта тұрғындар белсенді түрде қосылуға өтінім беріп жатыр.

«Бұл технологияның ең басты артықшылығы – қымбат оптикалық желіні жүргізудің қажеттілігінсіз тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу. Бұл – қазақстандық ауылды цифрландырудың жаңа тәсілі, және біз бүгін Сарыбай би мысалында FWA технологиясының 5G негізінде қаншалықты тиімді әрі болашағы бар екенін көрдік. Енді осы ауылдың және басқа да ұқсас елді мекендердің тұрғындары қазіргі заманғы сервистер мен онлайн қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие болады деп сенемін», – деп мәлімдеді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

«Қазақтелеком» компаниясы өзінің жаңа «Ауылтелеком» еншілес кәсіпорны арқылы табысты сынақтардың қорытындысы бойынша осы жобаны республикадағы басқа ауылдарда да енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа технология 7 ауылға енгізіліп, 200-ден астам үй шаруашылығын қамтыды. 2025 жылы 100-ден астам ауылды қосып, ауылдық елді мекендердегі 10 000-нан астам тұрғынды заманауи интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Біз еншілес ұйымдардың бірінің жұмысын ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағыттадық. Ауылтелеком қазіргі уақытта ең оңтайлы технологияларды анықтап, ауыл тұрғындарына сапалы интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну үшін жұмыс істеуде. Сарыбай би ауылындағы тестілеу көрсеткендей, заманауи сымсыз технологиялар – FWA ауылдық жерлерде интернетке жоғары жылдамдықты қосылу мәселесін тиімді шеше алады», – деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Цифрлық даму министрімен кездескен бірқатар тұрғындар жаңа байланыс технологиясына қатысты пікірлерін білдірді. Дәстүрлі оптикалық желілерді алыс аймақтарда жүзеге асыру қиын әрі қымбат болған жағдайда, FWA технологиясы минималды инфрақұрылым шығындарымен интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

16 января 2025
Жаслан Мәдиев БАӘ мемлекеттік басқару өкілдерімен жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Президентінің Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ресми сапары аясында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрлық сала мен жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне арналған бірнеше кездесулер өткізді.

БАӘ Министрлер кабинетінің бәсекеге қабілеттілік мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лутамен өткен келіссөздер барысында тараптар екі елдің салалық министрліктері арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, экономиканың әртүрлі секторларындағы реттеуші зертханалар аясындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық трансформация және жасанды интеллект сияқты бағыттарда БАӘ-де оқыту бағдарламаларын талқылады.

Тараптар реттеуші зертханалар шеңберіндегі алғашқы бағыттардың бірі ретінде жасанды интеллект саласын таңдап, осы саланың реттеуі мен дамуы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін реттеуші нормаларды әзірлеу туралы келісті.

Оқыту мәселесінде Қазақстан БАӘ Үкіметтік тәжірибе алмасу офисімен тығыз ынтымақтастық жасауда, осы ынтымақтастық аясында 800-ден астам мемлекеттік қызметкер тренингтер, семинарлар және алмасу бағдарламалары арқылы білім алды.

Сондай-ақ, цифрлық даму министрлігінің делегациясы БАӘ Мемлекеттік акселераторына барып, саларалық міндеттерді шешу үшін жобалық әдістерді қолдану, акселерациялық бағдарламалардың табысты кейстері және Қазақстанда осындай тәсілдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Делегация қосымша БАӘ-дегі мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынатын Services 1 халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын зерттеді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау, мемлекеттік органдарды рейтингтеу мәселелері талқыланып, екі елдің ХҚКО жұмысын жетілдіру әдістемелерімен алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

БАӘ жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу бойынша қосымшалар жөніндегі мемлекеттік министрі Омар бин Сұлтан әл-Оламамен кездесу барысында тараптар жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Кездесу барысында компаниялардың сұраныстарына сәйкес технологиялық шешімдер әзірленетін Дубай болашақ зертханасы көрсетілді. Бұл зертхана нарықтың өзекті технологиялық міндеттерін шешу үшін техникалық құзыреттіліктерді арттыруға және нарықпен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазақ тарапына БАӘ зерттеу орталықтары мен компанияларының Қазақстандағы alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы аясындағы бастамаларға қосылуы ұсынылды. Министр әл-Олама 2025 жылы өтетін Digital Almaty 2025 форумына қатысуға және болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқылауға шақырылды.

 

ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы