Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Комитеттер
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Министрлік туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
03 декабря 2024
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 6 желтоқсанда сағат 14.30-да Qyzyljar Creative Center ғимаратында Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 15:30-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ж.Жабаев көшесі, 195).

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7152502197  (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

 

02 декабря 2024
ҚР ӨҚМ-да Demo Day: жетекшілік ететін салаларды цифрландыру жобаларын көрсету

2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Demo Day іс-шарасы өтті. Бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларында цифрлық трансформациян нығайту мен елдегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.

Demo Day мақсаты - мемлекеттік қызметтерді жақсарту, процестерді оңтайландыру және олардың халық үшін тиімділігін арттыру мақсатында озық цифрлық жобаларды таныстыру және талқылау.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова алғы сөз сөйлеп, Министрліктің цифрландыру және жасанды интеллект енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Вице-министр Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйе (ҰМЖ), Министрліктің байланыс орталығының виртуалды көмекшісі, Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны, «Кәсіби стандарт» құжатын құру, Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді салыстыру және Экспорттық бақылау сияқты жобаларды таныстырды.

Сондай-ақ, Жәннат Дүбірова Геологиялық есептерді өңдеу және жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім базасын құру, Жасанды интеллект көмегімен экспорттық бақылау процестерін жаңғырту, BIM қолданбасының пилоттық жобасы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша бірыңғай платформа және т.б. жобалар бойынша жұмыс туралы айтты.

Келесі кезекте ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының және оның құралдарының көрсетілімі өтті.  Олардың ішінде қалпына келтіру дэшборды, бейнебақылау және жобаларды бақылаудың ұлттық платформасы бар.

Одан кейін «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» ААЖ көрсетілімі өткізілді. Баяндамашылар жобаның әдістемелік және техникалық бөліктерімен таныстырды.  МҚҚК жүйесі аумақтың дамуын есепке алу және бақылау құралы болып табылады. ААЖ арқылы қалалық ережелерге сәйкес APP шығаруға, техникалық шарттарды алуға, алдын ала жобаны келісуге және пайдалануға қабылдау актілерін жазуға болады. Бұл қалалық кадастрдың бірыңғай деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан кейін Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталының көрсетілімі өтті. Оны жақсарту үшін функциялар кеңейтілді, мемлекеттік қызметтерге реинжиниринг жасалды, Техникалық шарттар қалыптастырылды, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер, жүйеге өзгерістер енгізілді, деректерді көшіру және тестілеу жүргізілді.

Сондай-ақ «Қаз Реестр» АЖ көрсетілімі өтті. Бұл үлестік қатысу туралы келісімдерді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті ұсынатын тұрғын үй құрылысына ортақ қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту, үлескерлердің қаражатын тарту үшін жергілікті атқарушы органдардан берілген барлық рұқсаттарды есепке алуды орталықтандыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру.

Нәтижесінде қатысушыларға сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қатысушылар өздерін қызықтырған ақпаратты алды.

29 ноября 2024
Цифрлық даму министрлігі Қостанай облысының әкімдігінде кибергигиена бойынша оқыту өткізді

ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру басқармасы және "Astel" АҚ бірлесіп киберқауіпсіздік және кибергигиена мәселелеріне арналған семинар өткізді.

Киберқауіпсіздік бойынша біліктілікті арттыруға арналған бұл оқыту мемлекеттік органдар қызметкерлері үшін 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасы аясында өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар сыртқы және ішкі тәуекелдерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті қатерлерді талқылады. Сарапшылар деректерді қорғау жүйесіндегі негізгі элемент ретінде кибергигиена принциптерін сақтаудың маңыздылығына назар аудара отырып, ақпаратты қорғаудың практикалық нұсқаулары мен стратегияларымен бөлісті. 

Іс-шараға облыстық басқармаларды, қалалар мен аудандардың әкімдіктерін, АКИАМО-ларды қоса алғанда, мемлекеттік мекемелердің 70-ке жуық өкілі жиналды.     

«Кибергигиенабұл  ережелер жиынтығы ғана емес, бұл әр ұйымға енгізілуі керек тұтас мәдениет. Тәуекелдерді түсіну және олардың алдын алу әдістерін білу қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың негізі болып табылады», - деп атап өтті ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.

Сонымен қатар, қатысушылар кибергигиена мен қызметкерлердің хабардарлығын арттырудың маңыздылығын талқылады. Семинар киберқауіптер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға және мемлекеттік мекемелерде ақпаратты қорғауды жақсартуға мүмкіндік беретін қатысушылар арасында тәжірибе мен үздік тәжірибелермен алмасу үшін маңызды платформаға айналды.

 

 

 

 

29 ноября 2024
2 желтоқсанда Demo Day өтеді

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік органдардың цифрлық вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day ұйымдастырады

Күні: 2024 жылғы 2 желтоқсан

Уақыты: 15:00

Өтетін жері: Мәңгілік ел даңғылы, 55/8, Блок С 4.6, Astana Hub, Event hall

Demo Day шеңберіндегі кезекті таныстырылымды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткізеді.

Шарада Ахуалдық орталық, сондай-ақ министрлік тарапынан әзірленген МҚҚК ААЖ, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы және «Қаз Реестр» АЖ жобаларының көрсетілімі болады.

 

БАҚ аккредитациясы үшін байланыс телефоны:

+7 778 552 8116 – Еңлік Бердірахманова

Аккредитация 29 қараша сағат 16:00-ге дейін қабылданады.

 

28 ноября 2024
Жасанды интеллект жобаларына арналған Industrial AI Accelerator акселерациялық бағдарламасы

«Industrial AI Accelerator 2024–2025» — бұл жасанды интеллектті дамытудың ұлттық стратегиясы шеңберінде Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі салаларында жасанды интеллектті (ЖИ) қолданбалы енгізуді ынталандыру үшін әзірленген пилоттық акселерациялық бағдарлама.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ЖИ комитетінің қолдауымен Индустрия 4.0 бас амбассадорлары ұйымдастырады.

Акселератордың мақсаты — пилоттық жобаларды іске қосу және іске асыру, ЖИ шешімдерінің ұлттық каталогын құру және озық технологияларды пайдалана отырып салаларды трансформациялау.

Бағдарлама шеңберінде 25 пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда:

5 пилоттық жоба - 2024 жылдың соңына дейін

20 пилоттық жоба - 2025 жылдың ақпанына дейін.

Интенсивті практикалық бағдарлама Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ЖИ шешімдерін енгізуге және масштабтауға бағытталған:

  • Медицина
  • Энергетика және мұнай-газ саласы
  • Өндіруші өнеркәсіп және құрылыс
  • Қаржы

Қатысушылар Тапсырыс беруші компаниялардың нақты міндеттеріне қол жеткізе алады, халықаралық сарапшылардың қолдауымен пилоттарды жинақтауға көмек және Қазақстанда және одан тыс жерлерде жобаларды масштабтау мүмкіндігіне ие болады.

Қатысушылар үшін құндылық:

  • Пилоттық жобаларды іске қосу.
  • Халықаралық сарапшылар мен трекерлердің қолдауы.
  • DEMO DAY-да шешімдерді корпоративтік және мемлекеттік тапсырыс берушілер алдында ұсыну мүмкіндігі.
  • Жобаларды масштабтау мүмкіндігі

Кім қатыса алады?

  • ҚР тіркелген компаниялар.
  • Пилотты сәтті іске қосқан жағдайда Қазақстанда тіркелуге дайын шетелдік компаниялар.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • MVP кезеңінде шешімдер (белгілі бір мәселені шешетін жұмыс істейтін прототип).
  • Бағдарлама аясында нақты кейстермен жұмыс істеуге дайын кем дегенде екі маманнан тұратын команда.

Маңызды күндер:

  • Өтінімдерді қабылдауды аяқтау: 7 желтоқсан.
  • Қатысушыларды іріктеу: 10 желтоқсан.
  • Акселерация кезеңі: 10 - 20 желтоқсан аралығы.

Біз жасанды интеллект көмегімен Қазақстан экономикасын өзгертуге, бағдарламаға қосылуға дайын стартаптар мен компанияларды шақырамыз. Бұл инновациялық әзірлеушілер үшін өз шешімдерін көрсетудің, пилоттық жобаларды іске қосудың және елдегі ЖИ дамуына үлес қосудың бірегей мүмкіндігі.

Қалай өтінім беруге болады:
Толық ақпарат және тіркеу industrial-ai-acceleration.kz сайтында.

28 ноября 2024
Ресей Қазақстанға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2025 жылға арналған ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын ұсынды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1999 жылғы 18 қарашадағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары бойынша қорытынды (келісім) беру және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей тарапы дипломатиялық арналар арқылы 2025 жылға арналған Ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарын тапсырды.

2025 жылы ұшырылымдар келесідей болады:

* Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі"мемлекеттік бағдарламасы;

 * халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары;

* коммерциялық жобалар.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған жоспарда әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоқ екенін хабарлады.

Ұсынылған жоспар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш саласындағы тығыз ынтымақтастықтың жалғасуын, сондай-ақ халықаралық ашықтық нормалары мен қағидаттарының сақталуын көрсетеді.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

 

28 ноября 2024
Телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды: 

- Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады. 

- Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді. 

Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады. 

Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.

Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.

Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

26 ноября 2024
Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ «Терриконовая долина» IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады.

Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты $306 млн-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін $600 млн-нан асады деп күтілуде. Жалпы 5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайды. Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда, көптеген салаларда трансформация жалғасып жатыр.

Заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.

Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.

«Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президент қойған жасанды интеллектіні дамыту міндеттерін іске асыру аясында салалық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.

IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады. Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Осы ретте оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажеттігі аталып өтті. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұру маңызды. 

Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге әкімдіктер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.

22 ноября 2024
Атырау облысында халықпен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізілді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Атырау облысына жұмыс сапары аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады.

Бірінші вице-министр өз сөзінде еліміздегі және өңірдегі ІТ саласының дамуы мен Атырауда «Smart city» енгізу барысы туралы айтты.

«Біз әкімдікпен бірлесе отырып, IT саласын танымал етуге, адами капиталды дамытуға, жаңа дағдыларды үйретуге және өңірде арнайы іс-шаралар өткізуге ықпал ететін Атырау хабын аштық. Бүгінде республика бойынша 17 аймақтық хаб ашылды. Облыста екі IT мектеп аккредитациядан өтіп, қазақстандықтарды IT мамандықтары бойынша оқытатын TechOrda бағдарламасына қатысуда», - деді ол.

Атырауда «Smart city» жобасын жүзеге асыру аясында 249 автобусқа қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орнатылды. Өткен жылы билеттің 99,75 пайызы қолма-қол ақшасыз сатылған. Қала бойынша барлығы 38 814 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 5 331-і полицияның жедел басқару орталығына қосылған. 109 байланыс орталығы іске қосылып өткен жылы оған 168 857 қоңырау түскен.

Аймақтың инфрақұрылымы 14 ХҚО филиалынан, 15 бэк-офистерден, 42 Connection Points, 1 арнайы ХҚО және 2 арнайы ХҚКО секторларынан тұрады. 2023 жылы халықпен жұмыс істеу бойынша Атырау облысында 570 787 қызмет көрсетілген.

Атырау облысы тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен интернетке қолжетімділік. Облыста 153 елді мекен (ЕМ) бар. Оның ішінде 2G, 3G (46 ауыл), 4G (88 ауыл) мобильді технологиялары арқылы интернетпен қамтамасыз етілген. 93 ЕМ ADSL технологиясы бойынша тіркелген интернетпен және 103 талшықты-оптикалық технология арқылы қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, 5 ауылдық елді мекен (АЕМ) KazSat спутниктік жүйесі арқылы интернет желісіне қосылса, облыстағы 42 мектеп Starlink спутниктік жүйесіне қосылған.

Байланыс саласындағы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылдың соңына дейін Атырау облысының 18 ауылдық елді мекенінде «Жергілікті желі» талшықты-оптикалық желіні салу шағын және орта байланыс операторларын субсидиялау тетігі арқылы салуы жоспарлануда.

 

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

22 ноября 2024
Олжас Бектенов америкалық EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен бірлескен IT шешімдердің дамуын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында әлемдік технологиялар нарығын дамытудың заманауи трендтері және жаңа бірлескен бизнес-шешімдерді, зерттеу бастамаларды, оның ішінде Ұлттық жасанды интеллект орталығында жасанды интеллект зертханасын ашу шеңберінде әзірлеу перспективасы қарастырылды. 

EPAM Systems – бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшы. Бүгінгі таңда EPAM компаниясы Қазақстанның 17-ден астам қаласында таныстырылған және 1000-ға жуық қызметкері бар, 2024 жылы Astana Hub-қа қатысу шеңберінде $40 млн астам сомаға қызметтер экспортталды. 

Тараптар IT-білім беруді дамыту бағытында 5000-нан астам маманды оқытқан EPAM Kazakhstan оқу орталығының маңызын атап өтті. Tech Orda бағдарламасы арқылы компания 700-ден астам студентке Java, Python және Data Engineering сияқты негізгі бағыттар бойынша IT дағдыларын үйретті. Биыл оқу үшін тағы 300 студент таңдалды. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық міндет қойды. Қазақстан жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні жедел дамыту аумағына айналуға тиіс. Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. 5 жыл ішінде IT-қызметтер экспортының көлемі $30 млн-нан $600 млн-ға дейін өсті. Дегенмен, бұл жеткіліксіз, бізде үлкен әлеует бар. Қазақстандық мамандар дарынды әрі бәсекеге қабілетті. Әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық бізге тиімділікті арттыруға және озық қарқынмен дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Өз кезегінде Аркадий Добкин Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, цифрландыру және экономиканың нақты секторларына жаңа технологияларды енгізу саласындағы одан әрі ынтымақтастық үшін бірқатар ұсыныстарды айтты. 

Кездесу қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, жобаларды сүйемелдеуді күшейту тапсырылды.

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы