Digital Almaty-2025 көрмесінде «Геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің болашағы: технологиялар, нарық және қиындықтар» панельдік сессиясы аясында жетекші жаһандық сарапшылар геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің (ГЕСБЖ) болашағы мен олардың цифрлық теңсіздікті жоюдағы рөлін талқылады. Технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде төмен орбиталық спутниктер интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін маңызды құралға айналуда. Алайда олардың кең ауқымды қолданылуы жиілік реттеу, орбиталық қауіпсіздік пен дәстүрлі геостационарлық спутниктік жүйелермен (ГСЖ) бәсекелестік сияқты жаңа қиындықтарды туындатып отыр.
Спикерлердің айтуынша, ГЕСБЖ шалғай өңірлердегі байланысқа қолжетімділікті айтарлықтай арттырып, жоғары жылдамдық пен төмен кідірісті интернетті қамтамасыз ету арқылы оларды телекоммуникация, көлік, қорғаныс және төтенше жағдайлар салаларында таптырмас шешімге айналдырды.
«Төмен орбиталық спутниктерді дамыту – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған іргелі қадам. Біз тек телеком-индустрияның дамуы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемнің ең шалғай аймақтарындағы білімге, медицинаға және бизнеске қолжетімділікті қамтамасыз ету жайында сөз қозғаймыз», — деп атап өтті Василий Леонов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Сессия барысында спутниктік жүйелердің экологиялық орнықтылығы мәселесі де талқыланды. Бүгінде Жер орбитасында мыңдаған спутниктер жұмыс істеп тұр және олардың саны алдағы уақытта тек арта бермек. Сарапшылардың пікірінше, пайдаланылған спутниктерді утилизациялау мен орбитадан шығару жүйесі мұқият ойластырылмаса, ғарыштық қоқыстардың жинақталу қаупі артып, басқа орбиталық аппараттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
«Біз өте маңызды таңдау алдында тұрмыз: егер спутниктік топтарды бақылау шараларын қабылдамасақ, онда орбиталар хаосқа айналып, спутниктердің соқтығысу қаупі нақты проблемаға айналады», — деп атап өтті Локман Куцу, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті.
Талқылау барысында сондай-ақ реттеу және халықаралық ынтымақтастық мәселелері көтерілді. SpaceX, Spacesail, Қытай және Еуропа жобалары сияқты ірі ойыншылар арасындағы жоғары бәсекелестік жағдайында орбиталар мен жиіліктерді тиімді үйлестіру барған сайын қиындап жатыр.
«Біз бүгінде ғарышта ондаған оператордың жұмыс істейтінін және жиілік спектрінің шектеулі екенін ескеруіміз керек. Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар спутниктік жүйелердің өзара кедергісіз қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай ережелерді әзірлеуі қажет», — деп атап өтті Дмитрий Ветлугин, Орталық Азиядағы Eutelsat OneWeb компаниясының нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры.
Тағы бір маңызды мәселе спутниктік интернетті коммерцияландыру болды. ГЕСБЖ дамушы елдерде жаңа перспективалы нарықтарды ашады, сондай-ақ авиация, теңіз көлігі, ауыл шаруашылығы және корпоративтік секторға арналған шешімдерді ұсынады.
«Біз спутниктік интернеттің мобильді байланыс секілді баршаға қолжетімді болуына жақындап келеміз. Бірақ басты мәселе – бұл қызметтің техникалық жағынан ғана емес, сондай-ақ коммерциялық тұрғыдан да тұрақты болуы», — деп атап өтті Джи Ван, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті.
Талқылауды қорытындылай келе, форум қатысушылары ГСЖ және ГЕСБЖ интеграциясы – саланың болашағы екенін атап өтті. Алдағы жылдары біз геостационарлық спутниктер кең өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін, ал төмен орбиталық жүйелер жеделдік пен кідіріссіз байланысты ұсынатын аралас шешімдердің дамуын көреміз.
«Біз бір технологияның екіншісін алмастыруы туралы айтып отырған жоқпыз – спутниктік байланыстың болашағы олардың өзара толықтыруында жатыр», — деп түйіндеді Даурен Шайхин, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі.
Талқылауға Василий Леонов (Қазақстан, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары), Локман Куцу (Түркия, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті), Джи Ван (Қытай, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті), Дмитрий Ветлугин (Орталық Азия, Eutelsat OneWeb нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры) және Даурен Шайхин (Қазақстан, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі) қатысты.
31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) ҚР мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері үшін серверлік жабдықтармен қамтамасыз ету жобасын іске асыруда. Жобаны қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) серіктестігімен несие желісі арқылы қамтамасыз етілген. Бұл «ҰАТ» АҚ-ның жүзеге асыру үшін қарыз қаражаты тартылған алғашқы жобасы.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ретінде «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша маңызды жобаны іске асыруды бастайды. Жоба аясында заманауи серверлік жабдықтар сатып алынып, орнатылады. Жобаның жалпы құны 34,3 миллиард теңге.
«Бұл жобаны жүзеге асыру мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін сенімді және ақауға төзімді инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тек деректерді қорғауды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарта отырып, елдің цифрлық трансформациясында маңызды қадам болады», – деп Басқарма Төрағасы Марат Елібаев атап өтті.
ҚДБ-мен серіктестікте қаржыландыруды тарту жобаны іске асыру үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етеді, бюджет қаражатын айтарлықтай жұмсамай-ақ серверлік инфрақұрылымды жылдам дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жоба мемлекеттік жүйелердің цифрлық қауіпсіздігін дамыту және нығайту үшін маңызды қадам болады.
Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
+7 778 602 26 26
Анықтама: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының, жасанды интеллектінің және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және өңірлік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Nitec әлеуметтік желілерде:
Digital Almaty-2025 форумында өткен "AI-стартаптар нарығы: өсу әлеуеті және инвестициялық стратегиялар" панельдік сессиясы шеңберінде спикерлер венчурлық капиталдар мен мемлекеттік субсидияларды тарту тетіктерін, сондай-ақ AI-стартаптарды дамытудағы технопарктер мен акселераторлар рөлін талқылады.
Пікірталаста инвестициялар үшін жаңа кеңістік ашатын және стартаптар үшін инновациялық инфрақұрылым құратын ұлттық AI-экожүйені трансформациялауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар технопарктердің, акселераторлардың және венчурлық қорлардың AI-бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырудағы маңызын, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау және Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.
Silkroad Innovation Hub (АҚШ) негізін қалаушысы және бас директоры Әсет Әбдуалиев 40 миллион доллардан астам инвестиция тартқан 19 стартапты өзінің қоры инвестициялағанын атап өтті. "Біз отандастарымыздың америкалық венчурлық инвесторлардың назарын аударатын табысты AI стартаптарын құрып жатқанын мақтан тұтамыз. Мысалы, Alma – біз ерекше мақтан тұтатын стартап. Оның негізін қалаушылар – Қазақстан мен Қырғызстаннан келген екі қыз, Әсел мен Айзада. Олар 6 миллион доллар көлемінде венчурлық инвестиция тартты және қазір бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде шамамен 700-800 мың доллар табыс табады. Бізден келесі стартап-юникорнды қыздар құратынына сенімдімін. Біздің өңірде тәжірибелі де білімді әйелдер бар және біз оған куә болып отырмыз", — деп атап өтті ол.
Astana Hub Ventures Ltd. аппаратының басшысы Назгүл Байтемирова Гарвард бизнес мектебінің зерттеулеріне сілтеме жасады. Оған сәйкес стартаптардың тек 0,5%-ы венчурлық инвестиция алса, IPO-ға кіретіндердің 50%-ы венчурлық қорлардан қаражат жинады. Жалпы алғанда, айтарлықтай жетістікке жеткен стартаптардың 89%-ы қалай болса да венчурлық инвестицияларға ие болды. Қазақстанда AI-стартаптарды қолдау үшін $1 млрд нысаналы көлемде венчурлік инвестициялар қорларының қоры құрылды, оның бастапқы капиталы қазірдің өзінде $130 млн құрайды. 2024 жылы Қазақстан, Орталық Азия және шет елдердің стартаптарын қолдауға бағытталған Astana Hub Ventures қоры іске қосылды.
"Qazaqstan Venture Group қорларының қоры венчурлік қорларға, AI-стартаптарға және басқа да мүмкіндігі мол бағыттарға инвестициялар үшін стратегияларды әртараптандыра отырып, Қазақстандағы инновациялардың қуатты катализаторына айналады. Бұл венчурлық инновациялардың жаңа толқынына, тұрақты экожүйені қалыптастыруға және бүкіл ел бойынша технологиялық прогресс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етеді", — деп атап өтті Назгүл Байтемирова.
Fuze компаниясының бас директоры Мұхаммед Әли Юсуф AI нарығының қарқынды өсуіне қатысты: "Нарық 20 есе өсті және күн сайын жаңа шешімдер шығып жатыр. AI барлық салаға енеді, ал блокчейн және криптоиндустриямен синергия мультипликативті әсер береді. Бүгін біз осы технологияларға инвестициялардың орасан зор өсімін көріп отырмыз: қазірдің өзінде AI, криптовалюта және қаржы қызметтері кіріккен жобаларға 150 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалды", - деді.
Сондай-ақ талқылауға White Hill Capital, Tumar VC және Al-Farabi Innovation Hub бас директоры Аслан Сұлтанов, Antler венчурлық қорының серіктесі Адам Френч, MOST Ventures бас директоры және негізін қалаушысы Алим Хамитов қатысты. Модератор ретінде "QazInnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Санат Жолдыхан сөз сөйледі.
31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.
"AI және адам: қауіп пе, игілік пе?"- мұндай сұрақты Digital Almaty-2025 форумында өткен панельдік сессияда жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар қойып, онда этика, қауіпсіздік және ЖИ-ді реттеудің негізгі мәселелерін талқылады.
Сарапшылар Қазақстанда ЖИ пайдаланудың ашықтығы мен қауіпсіздігінің маңызды аспектілерін, оның қолданылуын бақылауды және этикалық стандарттарды сақтауға бағытталған халықаралық тәжірибелерді қарастырды. Талқылау барысында жасанды интеллекттің артықшылықтары да, ықтимал қатері де айтылды.
Спикерлердің айтуынша, Қазақстанда жасанды интеллекттің таралуымен қатар дербес деректердің құпиялығын бұзу қаупі де артып келеді. Бұл жеке пайдаланушыларға да, жалпы мемлекетке де айтарлықтай зиян келтіреді. ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2024 жылы қазақстандықтар интернеттегі алаяқтық салдарынан 45 млрд теңге жоғалтқан, сондағы 98% жағдайда олар жеке деректерін алаяқтарға өз еркімен тапсырған.
"Киберқылмыс тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде асқан қарқынмен өсіп жатыр. Жаңа қатерлерге дайын болмасақ, жасанды интеллект қылмыскерлерге де біршама мүмкіндік береді. Алаяқтар қазірдің өзінде бейне және аудио жазбаларды қолдан жасау үшін дипфейк технологияларын қолданады, бұл ақпарат қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Интернеттегі деанонимизация туралы ойлану маңызды, өйткені әрбір адам тарататын деректері үшін жауапты болуға тиіс", — деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов.
Сессияға қатысушылар арасында Bedrock AI және Diverse AI компанияларының негізін қалаушы және бас директоры Тодзю Дюк (Ұлыбритания) сияқты әр түрлі елдердің сарапшылары болды. Ол табысты AI компанияларын басқарып қана қоймай, оған қоса жасанды интеллектті дамытуда этикалық стандарттарды белсенді түрде насихаттайды. Ол өзінің "Building Responsible AI Algorithms" кітабында AI алгоритмдерінде ашықтық, әділдік, құпиялық және сенімділік құрылымын ұсынды.
"Жасанды интеллект қарқынды дамып келеді және көптеген артықшылықтар ұсынады, дегенмен қоғамға бірдей қолжетімді болғанға дейін ғана. Оны қолданудың негізгі бағыттарының қатарына аштыққа қарсы күрес және денсаулық сақтауды жақсарту, дағдарыстық жағдайларға ден қою, қауіпсіздікті арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жатады. Алайда одан бөлек елеулі қатерлер де туындайды, мысалы: әлеуметтік теңсіздік, құпиялықты бұзу, алгоритмге бейімдік, тіпті ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сондықтан технологияның бүкіл қоғамға пайдасын тигізуі үшін жасанды интеллектті пайдаланудың жауапты тәсілін әзірлеу, ашықтық, есеп беру және этикалық нормаларды сақтау тетіктерін әзірлеу маңызды", — деп атап өтті Тодзю Дюк.
Сондай-ақ талқылауға Flowsell.me басшысы Дәурен Мәкенов, Yandex машиналық интеллект зертханасының басшысы Александр Крайнов, Kscooters техникалық директоры Иван Кононов және TargetAI Limited директоры Дамир Жаримбетов те қатысты. Сессия модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды.
Спикерлер ЖИ-ді қауіпсіз және тиімді дамыту үшін деректердің өңделуін бақылауды, манипуляциялардан қорғауды және энергия ресурстарына теріс әсерді азайтуды қоса алғанда, реттеудің нақты қағидаттарын енгізу қажет деген пікірге тоқталды. Сондай-ақ, алгоритмдердің әділдігін қамтамасыз ету, дискриминациялық механизмдерді алып тастау және жаппай енгізуден бұрын ЖИ-ді тексерудің сенімді жүйелерін әзірлеу маңызды.
Мамандарды ЖИ-мен жұмыс істеуге дайындау және технологияның мәдениетке, медиа мен коммуникацияға әсері сияқты маңызды тақырыптар көтерілді. Оған қоса спикерлер еңбек нарығының өзгеруін талқылады: ЖИ дәстүрлі жұмыспен қамтуға қауіп төндіре ме әлде адамның күш-жігерін толықтыратын құрал бола ма? Автоматтандыру мен адам үлесі арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңыздылығы айтылды.
Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 Халықаралық форумы өтеді. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (« ҰАТ» АҚ) мен Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамытуға бағытталған GovStack жобасы шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Қол қойылған келісімдердің түпнұсқаларымен алмасу «Digital Almaty 2025» форумы аясында өтті. Сондай-ақ, форумда «ҰАТ» АҚ мен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) арасында GovStack жобасын іске асыруға грант бөлуді қарастыратын келісімге қол қойылды.
GovStack – 2020 жылы ХЭО, Эстония, Германия және БҰҰ-ның қолдауымен Digital Impact Alliance (Цифрлық әсер альянсы) құрған халықаралық бастама. Жоба әлем елдерінде цифрлық трансформацияны жеделдетуге бағытталған және жеке сектор, азаматтық қоғам мен үкімет сарапшыларын біріктіреді.
GovStack жобасы ТМД аймағындағы мүдделі тараптарға (үкіметтер мен мекемелерге) цифрлық қызметтерді дамыту және енгізу, сондай-ақ GovStack тәсілдері, құралдары мен ресурстарын пайдалана отырып, серіктес ұйымдардың сараптамасы мен тәжірибесін тарту арқылы әлеуетін арттыруға көмектеседі.
Жоба аясында әрбір қатысушы ел электрондық үкіметті дамыту мен мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бағытындағы үздік тәжірибелерімен бөліседі. «ҰАТ» АҚ өз кезегінде электрондық үкіметті құру, эталондық архитектураларды әзірлеу, бизнес-процестердің реинжинирингін және мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру саласындағы тәжірибесімен бөліседі.
«Біз көрсетілген сенім үшін алғысымызды білдіреміз және бұл жобаның ауқымы мен маңыздылығын жақсы түсінеміз. Осындай халықаралық серіктестермен жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен қатар Қазақстан мен басқа да ТМД елдерінде электрондық үкіметті дамытуға үлес қосудың бірегей мүмкіндігі. Біз GovStack жобасын табысты іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», – деп атап өтті «ҰАТ» АҚ Басқарма Төрағасы Баян Конирбаев.
«ҰАТ» АҚ-ның GovStack жобасына қосқан үлесі Еуразиялық даму банкімен жасалған келісім аясында бөлінген гранттық қаржыландырудың арқасында мүмкін болғанын атап өту маңызды. Бұл өз кезегінде жобаның және оның ұлттық цифрлық трансформацияны қолдайтын тиімді шешімдерді әзірлеуге қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:
« ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
+7 778 602 26 26
Жыл сайын өтетін Digital Almaty 2025 форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін сенімді үшінші тарап сегменттерінің алғашқы интеграциясы таныстырылды. Технология мемлекетаралық деңгейде электрондық қолтаңбалардың қауіпсіз және заңды расталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (ҚР СБҮТ) - Қазақстан аумағындағы электрондық қолтаңбалардың, оның ішінде шетелдік қолтаңбалардың түпнұсқалығын растайтын ақпараттық жүйе. Ол қатысушы елдердің ақпараттық жүйелері арасындағы трансшекаралық электрондық өзара әрекеттестік кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) төлнұсқалығын растауды қамтамасыз етеді.
Трансшекаралық ЭЦҚ-ны енгізу халықаралық мәмілелерге қол қоюға және растауға қажетті қағаз құнын едәуір қысқартуға көмектеседі. Сондай-ақ технология электрондық мәмілелер мен халықаралық транзакцияларға деген сенім деңгейін арттырады, бұл өз кезегінде ЕАЭО елдері экономикаларының одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Демонстрация барысында Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының операторлары сенім білдірілген үшінші тараптың ұлттық сегменттерінің өнеркәсіптік пайдалануға және мемлекетаралық тестіге дайындығы туралы есеп берді.
Интеграциялық көрме барысында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО шеңберінде электрондық қолтаңбаларды өзара тану технологиясы бизнес-процестерді жеделдетуге, құжат айналымын жеңілдетуге және одақ елдері арасындағы мәмілелердің қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Цифрлық технологияларды дамыту алдағы жылдары басым бағыттардың бірі болып қала береді, ал ЭЦҚ-ны кеңінен пайдалану халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға елеулі әсер етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мында хабарласуыңызды сұраймыз:
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы
Жайнагүл Сейдахметова
+7 778 602 26 26
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.
Digital Almaty-2025 технологиялық форумында стартап алаңында отандық жетекші стартаптардың инновациялық жобалары көрсетіліп жатыр. Мұндай іс-шараларға қатысу стартаптардың масштабқа шығуына, инвестициялар тартуына және халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.
Стартап алаңға жас компаниялар өз идеяларын мыңдаған қатысушыға, соның ішінде инвесторларға, сарапшыларға және бизнес өкілдеріне таныстыруға мүмкіндік алады. Стартап алаңға қатысушылар арасында Орталық Азияның жетекші стартапы болған Astana Hub резиденттері бар, соның ішінде Higgsfield.ai америкалық қорлардан $16 миллион инвестиция тартқан, Google бойынша әлемдегі ең жақсы 25 стартаптың қатарына кірген және 2 миллионнан аса қолданушысы бар; 2022 жылы құрылған Grand Mobile ойын студиясы қазірдің өзінде 60 миллион ойыншыға аудитория жинады, ал оның 2024 жылғы кірісі $20 миллион құрады, оның 60% -ы халықаралық нарықтардан келеді; EDTECH саласында жұмыс істейтін CodiPlay үш жыл ішінде әр түрлі елдердегі, соның ішінде Оңтүстік Корея мен Ұлыбританиядағы 600-ден астам мектепті қамтыды және жақында $100 млн-дық бағалауда $9 млн жинады.
"Digital Almaty сияқты форумдарға қатысу стартаптар алдында масштабқа шығу мен өсу үшін бірегей мүмкіндік ашады. Біз үшін бұл жобаларымызды таныстыруға арналған алаң ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктестіктер орнатуға, инвестициялар тартуға және сала көшбасшыларымен тәжірибе алмасуға арналған орын. Біз Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум — Digital Bridge-ді қоса алғанда, ірі іс-шаралардың стартап-алаңдарына үнемі қатысамыз және мұндай алаңдардың инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға қалай ықпал ететінін көреміз. Мұндай форумдар инновациялық серпіліс пен халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанның IT-экожүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады", - деді Arlan Biotech басшысы Болат Сұлтанқұлов.
Arlan Biotech жобасы генеративті AI көмегімен дәрі-дәрмектер әзірлеу процесін өзгертеді. $150-200 млрд нарықтағы фармацевтикалық компаниялардың шығынын азайта отырып, бірнеше минут ішінде антиденелердің нақты тізбегін жасауға мүмкіндік береді. Стартапты биомедицина, машиналық оқыту және биотехнология саласындағы сарапшылар құрған және оны қазірдің өзінде танымал венчурлық инвестор Тим Дрэйпер мақұлдады, солайша қазақстандық стартаптардың ішінде үздігіне айналды. Қазір Arlan Biotech атышулы Meet the Drapers реалити-шоуында $1 миллион ұтысты сайысқа қатысып жатыр.
BEKSAR бизнесті автоматтандырудың әмбебап платформасын ұсынады, ITMLab мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлейді, Qala AI қалаларды тұрақты дамыту үшін AI шешімдерін енгізеді және Aurma.kz Қазақстан бойынша медициналық тауарларға қол жеткізуді жеңілдетеді. Сондай-ақ қатысушылар арасында қазақ мұрасын насихаттау үшін заманауи технологияларды қолданатын Qazaq Dinosaur War ойын стартапы бар.
Еске сала кетсек, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 Халықаралық форумы өтеді. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Digital Almaty 2025 алаңында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығын таныстырды.
Форумға Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы жиналды.
Орталықты құру - бұл Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған бастамасы, сондай-ақ Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын және цифрлық технологиялар дамитын ел болуы тиіс екенін атап өтті.
Alem.AI жасанды интеллект саласындағы зерттеулер, стартаптар және халықаралық ынтымақтастықтың басты алаңы болады. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, орталық 2029 жылға қарай қазақстандық ЖИ-шешімдердің экспортын 5 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын іске қосады және Астананы Орталық Азияның негізгі зияткерлік орталығына айналдырады.
Alem.AI әртүрлі салаларда 10 000 талантты тартуға, 1 000 ЖИ мамандарын оқытуға, 100 ЖИ стартаптарын іске қосуға және жасанды интеллект саласындағы 10 ғылыми зерттеулерді іске асыруға ықпал етіп, ЖИ экожүйесін дамытудың катализаторы болады. Орталық жаңа жұмыс орындарын ашады, халықаралық компанияларды тартады және басқарудағы цифрлық трансформацияның драйвері болады. Жоба сонымен қатар маңызды әлеуметтік әсерге ие – ол озық технологиялар мен білім беру мүмкіндіктеріне қол жеткізу арқылы өмір сүру сапасын жақсартады және білікті мамандарды даярлау жасанды интеллект саласындағы кадр тапшылығын жоюға көмектеседі.
Цифрлық даму министрлігі Telegram, TOP, Tether, inDrive, Google және басқа да әлемдік технологиялық компанияларымен өз кеңселерін Alem.AI орталығында орналастыру туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл компаниялар AI шешімдерін әзірлеумен, ғылыми зерттеулермен және жаңа инновациялық өнімдерді жасаумен айналысады. Astana Hub инфрақұрылымында Telegram, Playrix, TikTok, enrive, EPAM, Glovo, DAMUMED, Presight.ai және басқалар сияқты халықаралық алыптар жұмыс істейді. Орталықтың ашылуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған, оның ауданы 20 000 м2, ал өзі ЭКСПО экожүйесінде орналасады.
Alem.AI зерттеулерді, озық ЖИ-өнімдерін әзірлеуді және жасанды интеллект саласына инвестициялар тартуды қолдай отырып, Қазақстандағы ЖИ-индустриясын дамытудың негізгі элементі болады. Қазақстан инфрақұрылымды ғана емес, технологиялық серпіліс үшін толыққанды экожүйені құра отырып, ЖИ жаһандық нарығында жетекші ойыншы болуға қадам жасайды.
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
Биыл форум жасанды интеллект әсерінен өнеркәсіпті трансформациялауға және оның өндірістік процестердің тиімділігін, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттырудағы негізгі рөліне арналған.
Форума ясында ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің пленарлық отырысы өтті, оған Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығы қатысты.
Digital Almaty 2025 форумы Industrial AI – ге және оның өнеркәсіпке ғана емес, медицина, білім беру, креативті индустрияның басқа да негізгі салаларына ықпалына назар аударады. Биыл тұрақты даму (ESG), киберқауіпсіздік, қаржы секторына, медицина мен биотехнологияға ЖИ енгізу тақырыптарына ерекше назар аударылды. Форум аумағында алғаш рет технология мен спортты біріктіретін дрон-футболдан чемпионат, сондай-ақ озық әзірлемелерді көрсететін роботтардың интерактивті паркі ұйымдастырылды.
Іс-шараға 220 компания қатысады, олардың арасында тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының көшбасшылары, жасанды интеллект, робототехника, финтех және медтех саласындағы стартаптар бар. Форумға Ричард Стирлинг (ces Oxford Insights), Каан Терзиоглу (VEON тобының бас директоры), Тоджу Дюк (Bedrock ai негізін қалаушы), Йорам Вайнгаард (CEO Dealroom) және т.б. сияқты әлемдегі жетекші сарапшылар жиналды.
Digital Almaty 2025 форумы кезінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект қазірдің өзінде жаһандық экономиканы өзгертіп жатқанын және Қазақстан көшбасшылар қатарында болуға ұмтылатынын атап өтті. «Ол үшін технологияларды енгізіп қана қоймай, экожүйені құру — кадрлар даярлау, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту маңызды. Мұндай форумдар нәтижелі диалог пен бірлескен бастамалар үшін платформа құра отырып, мемлекеттің, бизнестің және ғылымның күш-жігерін біріктіруге көмектеседі».
Министр ұлттық бағдарлама аясында 2030 жылға қарай 1 миллион азаматын ЖИ-ке оқыту жоспарланғанын хабарлады. Бұған AI Kyzmet Bootcamp бағдарламасы аясында 500 мың оқушы, 300 мың студент, сондай-ақ 90 мың мемлекеттік қызметші кіреді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын, стартаптарды қолдауды, жетекші әлемдік компаниялардың зертханаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару үшін ЖИ саласындағы әзірлемелерді біріктіретін Халықаралық орталық Alem.AI ашылады.
ЖИ саласындағы заманауи білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін AI Movement және LMS білім беру платформаларын дамыту, сондай-ақ оқушылар арасында AI Olymp республикалық олимпиадасын іске қосу жоспарлануда. Бұл бастамалар озық технологиялармен жұмыс істеуге дайын кәсіби қоғамдастық құруға мүмкіндік береді.
Министр сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы өршіл мақсаттарды іске асыру үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту қажет екенін атап өтті. Қазақстан ЖИ енгізу үшін есептеу қуатын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл ұлттық тіл модельдерін, оның ішінде KazLLM құру үшін негіз болады, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін ЖИ-агенттерді дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық платформа және мемлекеттік құрылымдардың жабық контурындағы деректермен қауіпсіз және құпия жұмысты қамтамасыз етеді.
Институционалдық қолдау да маңызды бағыт болып табылады. 2025 жылы ЖИ реттеу туралы заң жобасын қабылдау, сондай – ақ осы саладағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын негізгі құжат – ЖИ дамытудың ұлттық стратегиясын әзірлеу жоспарлануда. Форумда Astana Hub AI Movement бастамасының қорытындысы шығарылады, FIRST Tech Challenge республикалық кезеңі өтеді, онда 24 Үздік мектеп командасы Digital Ministry Cup үшін таласады. Негізгі оқиғалардың бірі Industrial AI Battle – AI және цифрлық трансформация саласындағы стартаптардың жарысы, жүлде қоры 60 000 доллар және форум серіктестерінің гранттары.
Дәстүрлі стартаптар аллеясы мыңдаған қонақтарға, соның ішінде инвесторларға жаңа идеялармен танысуға мүмкіндік беретін 80 халықаралық инновациялық жобаны ұсынады. "ИндустрияX"аймағында қазақстандық технологиялық компаниялар өнеркәсіптік кәсіпорындарда АИ енгізудің табысты кейстерін ұсынады. Панельдік талқылау барысында АҚШ, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Иран елдерінен келген жетекші жер қойнауын пайдаланушылар ментехнопарктер өндірістік процестерде жасанды интеллектті қолдану туралы әңгімелейді.
Екі күндік цифрлық іс-шараға 40мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Digital Almaty 2025 ұйымдастырушылары: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры.
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.
ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі
2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады.
«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.
Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.
Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.
Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.
Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! Толық ақпаратпен танысу үшін сайтқа өтіңіз.
Анықтама:
Digital Almaty — цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап жетінші рет өткізіліп жатыр
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және
Astana Hub.
Бас серіктес: Freedom Bank
Алтын санатындағы серіктестер: Yandex.Kazakhstan, Казахтелеком, Kaspi Bank; Күміс
санатындағы серіктестер: Freedom Telecom; Қола санатындағы серіктестер: Halyk Bank,
CITIX
Индустриалды серіктес: Kcell; Ресми серіктес: Noventiq & Microsoft & Lenovo & Softclub;
Технологиялық серіктестер: Hikvision Kazakhstan, Битрикс24; Инновациялық серіктес: VK
Cloud.; Цифрлық қызметтер жөнінде серіктестер: Tele2, ALTEL
Бас ақпараттық серіктес: Телеканал 24KZ
Ақпараттық серіктестер: Ulysmedia, DKN World News, Zakon.kz, BAQ.kz, El.kz, Baige News,
BizMedia, Profit, BES Media, Digital Business, Er10, The Steppe, We project, TheTech, Sxodim,
Qazaqpress, TheHodl, Central Asia Cronos, AlemInform, Optimism, QR News, Mobilaser.