Жолаушылар көлігі бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жолаушылар көлігі бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
4.Жолаушылар көлігі бөлімі:
1)жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
2)жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы;
3) жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманынан тұрады.
5.Міндеттері:
1)Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2)Жалпы пайдаланатын жолаушылар көліктерінің қызметін үйлестіру.
6.Функциялары:
1)жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;
2)жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау бойынша маршруттарды және қозғалыс кестелерiн әзірлеу;
3)жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерiн келісу;
4)автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
5)жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
6)жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын әзірлеу және жол жүрісін ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;
7)ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда жолаушыларды әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;
8)қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;
9)халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
10)шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру, кеме жүргізушілерді даярлау бағдарламасын келісу және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;
11)Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
12)Азаматтардан, заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарға, арыз-шағымдарға жауап беру.
7.Құқығы
1.Заңнамаларда және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіпте мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан өзінің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
2.Облыста жүргізілетін қаржы-несие, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясаты мәселелері бойынша және облыстағы көлік және коммуникация жағдайына әсер ететін басқа да жағдайларда шешімдер әзірлеуге қатысу;
3.Көлікті пайдалану, жол-көлік оқиғалары ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған ұсыныстарды тиісті органдарға жолдау;
4.Автобустар, шағын автобустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
1.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
2.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3.Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
4.Бөлім басшысы Басқарма басшысына жолаушылар көлігін дамыту бойынша ұсыныстарды қажетті құжаттармен ұсынады, жүктелген тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды.