Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  4. Департамент 2 басқармадан тұрады:

1) Техникалық және кәсіптік білім мазмұны және әдіснамасы, серіктестікті дамыту басқармасы;

2) Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету, педагогтерді қәсіби дамыту және мониторинг басқармасы. 

 

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттері:

1)  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

2) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарының негізінде жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына, бағытталған сапалы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді алуы үшін жағдай жасау;

3) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде азаматтардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуына қажетті жағдайларды жасау;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және кадрларды даярлау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мазмұнына және оқу процесінің ұйымдастырылуына заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды атқару;

6) экономика саласы мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі білім мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету бойынша білікті мамандарды даярлауда қажетті құқықтық шараларды қамтамасыз ету;

7) Департаменттің құзіреті шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау үшін мониторинг жүргізу;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Министрлік басшыларының келісімімен Департаменттің функцияларына сәйкес жүктелген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін басқа бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін тарту;

2)  Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты республикалық білім беру ұйымдары мен мемлекеттік білім беруді басқару органдарынан, мекемелерінен және өзге де ұйымдардан белгіленген тәртіппен ақпаратты сұрауға және алу;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі мен оқыту бағдарламаларының мазмұнын жетілдіру барысында жұмыс және сараптамалық топтарын құру;

4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  ұйымдарында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының талаптарын орындауды ұйымдастыруға және зерделеу;

5)  құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

6)  құзыретіне жататын мәселелер жөнінде семинар, кеңестер және басқа іс-шараларды өткізу;

7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша басқа министрліктерде, агенттіктерде, ведомстволарда және ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;

8)  Департаменттің негізгі қызметі бойынша жұмыс топтарының қызметіне қатысу;

  • техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы даму тұжырымдамасының және оны іске асыру жөніндегі жоспар-кестенің, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер жобалар дайындауға, Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттар әзірлеуіне қатысу;
  • Мемлекет Басшысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлігіндегі тапсырмалары мен жолдауларын уақытылы орындауды қамтамасыз ету;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына дуальді оқыту жүйесін енгізу мәселелерін үйлестіру;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы ауыстыруды, мемлекеттік қызметтер пайдаланушыларын мемлекеттік қызметтердің көрсетілу реті жөнінде ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;
  • құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг өткізетін үкіметтік емес ұйымдарға тиісті ақпаратты заңнамада көрсетілген тәртіппен беру;
  • жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  1. Функциялары:

1) азаматтардың техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) Министрлік қалыптастыратын мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

3) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беру саласында халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

4) құзыреті шегінде Министрліктің мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, жылдық бағдарламаларды, индикативтік, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге және мониторинг жасауға қатысу;

5) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық жобаларды әзірлеу;

6) білім берудің сапасын басқаруды жүзеге асыру, құзыреті шегінде білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтасыз ету;

7) мемлекеттік  органдармен, ұйымдар мен басқа да серіктестермен кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамытуда салааралық және өңіраралық үйлестіруге қатысу;

9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқу-әдістемелік  жұмыстарды жүргізуге  басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

10) оқу-әдістемелік жұмысты жүргізуге басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды беру бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларында және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн оқыту нысанында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік жұмысты жүргізуді үйлестіру және басшылыққа алу;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

12) «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және  республикалық колледждердің жұмыстарын үйлестіру, қарамағындағы ұйымдардың ережелерін әзірлеу, бекіту үшін келісім, мониторинг жүргізу;

13) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік білімді дамытуға ықпал ету мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарды, келісімдерді дайындау;

14) мүдделі министрліктермен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-әрекет жасай отырып, кәсіптік оқу бағдарламаларының түрлері бойынша кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін анықтау және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуіштерін әзірлеу;

15) құзыреті шегінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

16) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан шығару негіздерін әзірлеу;

17) бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу;

18) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлеу;

19) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;

20) ұлттық және халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

21) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

22) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын құзыреті әзірлеу;

23) құзыреті шегінде тиісті саланың уәкілетті органдарының келісімі бойынша педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

24) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу;

25) білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидасын әзірлеу, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және орналастыру;

26) құзыреті шегінде педагог кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

27) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімге бюджеттік қаражат бөлу қажеттілігін айқындау;

28) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу;

29) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу;

30) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласында тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

31) қалааралық темір жол және автомобиль көлігінде қысқы және жазғы каникул кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

32) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу;

33) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын тиісті ұйымдарда оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

34) құзыреті шегінде педагогтерді аттестаттау қағидаларын әзірлеу;

35) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу;

 

36) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу;

37) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау, өз құзыреті шегінде білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын әзірлеу;

38) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді, сақтауды, есепке алуды және беруді ұйымдастыру және оларды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

39) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесінде сырттай, кешкі нысандарда алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін белгілеу;

40) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу;

41) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

42) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру тәртібін әзірлеу;

43) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің номенклатурасын әзірлеуге қатысу;

44) құзыреті шегінде білім беру ұйымын алқалы басқарудың әртүрлі нысандарының жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

45) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын оқытудың қазіргі заманғы технологияларын ұйымдастыру және оқу процесіне енгізу;

46) құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық нысандарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу;

47) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

48) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындау және жариялау үшін өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің
жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

49) оқытудың озық тәжірибесі мен заманауи технологияларын, оның ішінде оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларын зерделеу және тарату;

50) ҰБДБ ведомстволық статистика дерекқорын әкімшілендіру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

51) техникалық және кәсіптік жүйенің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың, оның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізудің қорытынды мониторингі;

52) білім беруді басқару жүйесін білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;

53) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;

54) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

55) техникалық кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту жөніндегі бағдарламалардың, жобалардың орындалуын үйлестіру және талдау;

56) білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және өз құзыреті шегінде оқуға түскен адамдармен жасалатын үлгілік шарттың нысандарын әзірлеуге қатысу;

57) құзыреті шегінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

58) Министрлікке ведомстволық бағынысты өз құзыреті шегінде Республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жарғыларын келісу;

59) Министрлікке ведомстволық бағынысты Республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру (қайта құру) жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

60) құзыреті шегінде педагогтер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;

61) шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;

62) кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін практика базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлеу;

63) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;

64) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

65) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнаманың мониторинг жүргізу;

66) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және / немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

67) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;

68) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

69) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация арқылы аудару жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

70) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

71) Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

72) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу және осы мемлекеттік қызметті көрсетуді талдау;

73)  педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеуге қатысу;

74) құзыреті шегінде мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

75) тиісті кезеңге арналған білім басқармаларының өтінімдері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауды және қалыптастыруды жүзеге асыру;

76) Департамент әкімшілендіретін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған кезеңге Департаменттің бюджеттік өтінімдерін дайындау және қалыптастыру;

77) Департамент әкімшілендіретін бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау және бекітуге дайындау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

78) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу;

79) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы қоғам мен мемлекетті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау арқылы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;

80) білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық (әлеуметтік) көмек көрсету мәселелері бойынша тиісті білім беру деңгейі және құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

81) «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы грантты беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын әзірлеу;

82) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау;

83)  құзыреті шегінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлеу;

84) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

85) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

86) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу;

87) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуге қатысу;

88) жетекшілік ететін жұмыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директорының бір орынбасары бар.
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

____________________

 

Дата публикации
12 апреля 2024