Егер «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14.Міндеттері:
1) «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдықпен қамтамасыз ету;
2) «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
3) «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
ауылдық әкімі аппаратының регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
азаматтардың хаттарын, өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға көмектеседі;
«Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік қзыметтерді уақтылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді;
бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсынады, әкімгері әкім аппараты болып табылады;
бюджеттік бағдарламаларды өңдеу кезінде әкімгері болып әкім аппараты сөз сөйлейді, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсынысты жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарады;
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, заңдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президент актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің нормативтік құқықтық актілерін азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына көмек береді;
өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысы, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмек көрсетеді;
өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде нотариалдық іс–әрекеттер жасауды, азаматтық жағдай актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде жұмыссыздарды белгілейді;
тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырады;
табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
мүгедектерге көмек көрсетеді;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі өкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт шараларын өткізуді ұйымдастырады;
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту шараларын ұйымдастырады;
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетеді;
халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
ауылдық денсаулық сақтау ұйымына кадрмен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;
«Алтын алқа» алқасымен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге көмектеседі;
жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекеттеседі;
шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мәдениет мекемелері, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін мекен жайлары және көпшілік демалыс орындары бойынша инфрақұрылым құрады;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.
аудандық атқару органына аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру,сондай-ақ оқушыларды мектепке дейін, мектептен артқа мекен-жайына тегін тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгізу;
басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің) көлемін белгілеу;
берілген коммуналдық мүлікті сақтауын қамтамасыз ету;
берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқаруына берілген жергілікті атқару органының шешімімен бекітілетін жылдық қаржылық есебімен келісімдейді;
коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілейді;
жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарын бекітеді;
кіріс көздерін қалыптастыру;
жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға әкімдермен жолданған ақшаны қабылдау үшін арналған жергілікті өзін- өзі басқарудың қол ақшаның бақылау шотын бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдарда ашуын қамтамасыз етеді;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген бюджеттің қаржыларды және (немесе) түсімдерді экономдау есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдайды;·
жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғам жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауды бекітеді;
мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатылымнан, олардың қарауында қалдығынан Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жиынтық түсімдер жоспарын және ақшанды шығандауын құрады және бекітеді;
тұрғын үй қорына түгендеме жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғам жиналысымен келісу бойынша ауылдың ауылдық округтің апатты үйлерін сырып тастауды ұйымдастырады.
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге жәрдем көрсетеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан құжаттар сұрауға және алуға;
2) ауданның мемлекеттік органдарымен өткізілетін әкімдік отырыстарына, аудан активтеріне, комиссияларға, жұмыс топтарына, шараларға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және басты қор мен айналымдық қаржыдан тұрады.