Егер«Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14.Міндеттері:
1) «Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдықпен қамтамасыз ету;
2) «Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
3) «Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
ауылдық әкімі аппаратының регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
азаматтардың хаттарын, өтініштерін, арыздарын қарайды, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға көмектеседі;
«Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді;
бюджеттік бағдарламаларды өңдейді және тиісті мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсынады, әкімгері әкім аппараты болып табылады;
бюджеттік бағдарламаларды өңдеу кезінде әкімгері болып әкім аппараты сөз сөйлейді, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру бойынша ұсынысты жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарады;
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін, заңдарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президент актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің нормативтік құқықтық актілерін азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына көмек береді;
Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлік мәселесі бойынша мемлекеттің мүддесін қоғайды,ауылдық округтің (жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлік) меншік құқығын сақтауды жүзеге асырадың;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінiң қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады;
өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының құрылысы, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмек көрсетеді;
өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде нотариалдық іс–әрекеттер жасауды, азаматтық жағдай актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде жұмыссыздарды белгілейді;
тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмыс ұйымдастырады;
табысы аз тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
мүгедектерге көмек көрсетеді;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт жөніндегі өкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектер арасында сауықтыру және спорт шараларын өткізуді ұйымдастырады;
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-бұқаралық және ағарту шараларын ұйымдастырады;
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетеді;
халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
ауылдық денсаулық сақтау ұйымына кадрмен қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;
«Алтын алқа» алқасымен марапатталған аналарға тұрғын үй бөлуге көмектеседі;
жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;
шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара әрекеттеседі;
шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мәдениет мекемелері, республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерін реттейді;
елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін мекен жайлары және көпшілік демалыс орындары бойынша инфрақұрылым құрады;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі
аудандық атқару органына аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру,сондай-ақ оқушыларды мектепке дейін, мектептен артқа мекен-жайына тегін тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұсыныс енгізу;
басқаруға берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
бюджеттен қаржыландырылатын берілген коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің бағыттарын және міндетті жұмыстардың (қызметтердің) көлемін белгілеу;
берілген коммуналдық мүлікті сақтауын қамтамасыз ету;
берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басқаруына берілген жергілікті атқару органының шешімімен бекітілетін жылдық қаржылық есебімен келісімдейді;
коммуналдық қазынашылық кәсіпорындарына басқаруға берілген тұлғалардың өндірілген және сатылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілейді;
жергілікті бюджеттен аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне берілген тұлғалардың дербес қаржыландыру жоспарын бекітеді;
кіріс көздерін қалыптастыру;
жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға әкімдермен жолданған ақшаны қабылдау үшін арналған жергілікті өзін- өзі басқарудың қол ақшаның бақылау шотын бюджетті орындау жөніндегі орталық өкілетті органдарда ашуын қамтамасыз етеді;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген бюджеттің қаржыларды және (немесе) түсімдерді экономдау есебінен жұмысшыларды еңбек шарты бойынша қабылдайды;·
жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті қоғам жиналысымен келісілген түсімдер жоспарын және ақшаны шығындауды бекітеді;
мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатылымнан, олардың қарауында қалдығынан Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жиынтық түсімдер жоспарын және ақшанды шығандауын құрады және бекітеді;
тұрғын үй қорына түгендеме жүргізеді;
аудан әкімімен және жергілікті қоғам жиналысымен келісу бойынша ауылдың ауылдық округтің апатты үйлерін сырып тастауды ұйымдастырады.
мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруге жәрдем көрсетеді;
жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;
жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылы әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
ауылдық округінің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
ауылдық округінің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
ауылдық коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
2)Аудандық маңызы бар қала,ауыл,кент,ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:
өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеше көзделмесе,жергілікті өзін-өзі басқаруды коммуналдық мүлкін басқарды, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақтауын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін дедалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалаудыт қамтамасыз етеді,жекешелендіру объектісі алу – сатып шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
мүлкі аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың, кенттің,ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғысына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті қалып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық,пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейінен сатып алу құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру,қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол ондірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға,сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан құжаттар сұрауға және алуға;
ауданның мемлекеттік органдарымен өткізілетін әкімдік отырыстарына, аудан активтеріне, комиссияларға, жұмыс топтарына, шараларға қатысады;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және басты қор мен айналымдық қаржыдан тұрады.