«Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
- Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- Ауыл әкімі өз құзырлығы шегіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте, округ аумағында міндетті күші бар шешімдер мен өкімдер түрінде құқықтық актілер шығарады.
- Әкімнің аппаратының толық атауы: «Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және заңды мекен-жайы: 021098, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Калинин ауылы, Ленин көшесі, 25.
- Ауыл әкімінің аппаратын Жақсы ауданының әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
- Әкімнің аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
- Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.