Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
2018 жылғы «___»____________№____
бұйрығына 1- қосымша
«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»мемлекеттік мекемесінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің
Ережесі
1.Жалпы ережелер
1)Бөлім басшысы;
2)Бас маман;
3)Бас маман;
4)Әдіскер;
5)Әдіскер;
6)Әдіскер;
7)Әдіскер.
2.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1)Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 29.02.2012 жылғы
№ 46-ө «Тарифтердің және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу,оларды сатқан кезде алыпсатарлық мәмілелерді болдырмау жөніндегі ұзақ мерзімді шаралар кешенін бекіту туралы» бекітілген өкімге сәйкес бірінші кезектегі шараларының жол картасының іске асырылуы жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ай сайын ақпарат дайындап ұсынады;
2) Облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қажетті облыста өндірілетін тауарлардың сырт жерлердегі бағаларын білу, оған талдау жасау, ол туралы тауар өндірушілеріне дер кезінде хабарлап отыруды ұйымдастырады;
3) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету мақсатында ауыл тұрғындарына шағын несие беру жұмыстарын ұйымдастырады;
4) Ауылдық жерлердегі шағын несиелік ұйымдардың іс-әрекетін жинақтап, ай сайын мәлімет беріп отыруды ұйымдастырады;
5) Конкурстың ұйымдастырылуын және өткізу тәртібін, микроқаржы ұйымдарын іріктеуді, кредит ресурстарын беруді, сондай-ақ олардың осы бағыт шеңберіндегі бөлінген кредит ресурстарын мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізілуін ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс бойынша тоқсан сайын шекті баға мөлшерін анықтап, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тоқсан сайын мәлімет жібереді;
7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 18.07.2011 жылғы № 92-ө өкімімен бекітілген «Нарықтық тетіктерді қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» орындалуы бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын ақпарат ұсынады;
8) Бұқаралық ақпарат құралдарына облыс бойынша арзан сауда орындары жөнінде уақытылы ақпарат берілуін қамтамасыз етеді;
9) Азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жасап, қолданып жатқан шаралар жөнінде Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Премьер –Министрінің кеңсесіне ақпарат беріп отырады;
10) Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекітеді;
11) Азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсынады;
12) Шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыруады;
13) Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;
14) Азық-түлiк қауiпсiздiгi жай-күйiнiң, бағалардың және агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерi нарықтарының мониторингiн жүргiзеді;
15). Азық-түлiк тауарларын сатып aлу бағдарламаларына қатысушыларды анықтау жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады;
16) Ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
17) Әкімшілік-аумақтың бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасайды;
18) Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы шешім қабылдайды;
19) Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып-алуды жүзеге асырады;
20) Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны құру;
21) Ішкi нарықты реттеу мақсатында мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткiзу үшiн астықты қайта өңдеу ұйымдарын және мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндiрiлген ұнды оларға өткiзу үшiн нан пiсiру ұйымдарын айқындайды;
22) Астықты қайта өңдеу ұйымдары iшкi нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға iшiнара өтейді;
23) Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылайды;
24) Мемлекеттiк сатылатын және мемлекеттiк тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндiрiлген ұнның және нан-тоқаш өнiмдерiнiң шектi бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пiсiру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
25) Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтінімдер бойынша ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы жауап беруін қадағалайды;
26) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
27) Қызметтік құжаттардың құпиялығын сақтайды.