Ереже Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімі

  1. Жалпы ережелер 
  • Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімі «Қарағанды облысының дене

шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады

1.2. Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» заңдарын, Қарағанды облысының даму бағдарламасын, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешемдерін және өкімдерін,  «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің басшысының бұйрықтарын басшылыққа алады.

1.3. Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімі өз қызметін басқарма басшысының басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және тек қана басқарма басшысына қатысты шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.

Басқарма бөлімшелерімен жұмысты тығыз қарым-қатынаста орындайды, атап айтқанда, ұйымдастыру, құқықтық және кадрлық жұмыс бөліміне қажетті ақпаратты ұсынады. 

  1. Негізгі функциялары

2.1. ведомоствоға бағынысты спорттық базаларды уақытылы жөндеу мен құрылысына арналған құжаттарды жасау бойынша жұмыстарды үйлестіріп, жүргізеді.

2.2. «Спорт ғимараттарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету.

2.2. облыстық спорт ғимараттарының есебін жасау және жүргізу.

2.3. спорт ғимараттары мен бұқаралық спорт бойынша жылдық жиынтық есептеме жасау.

2.4. бөлімнің өз құзіреті шеңберінде бұқаралық спорт аясында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

2.5. Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы министрліктерінің тапсырмалары бойынша материалдарды, хаттарды, ұсыныстарды, Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өтініштерді даярлауды жүзеге асыру;

2.6. қалалар мен аудандардың спорт ғимараттары қызметіне жетекшілік ету;

2.7. бұқаралық спортты дамыту мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың білім және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді;

2.8. бұқаралық спортты дамыту бойынша Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

2.9. басқарудың дене шынықтыру-бұқаралық секторының саласында талдау жұмыстары мен мониторинг жүргізеді.

2.10. білім жүйесіндегі бұқаралық спортты дамыту бойынша қызметке жетелікшілік етеді;

2.11. білім ұйымдары мен еңбек ұжымдарында спорттық шараларды өткізуге әдістемелік қолдау көрсетеді;

2.12.жаппай жүгіруді, флеш-мобтарды өткізуді, салауатты өмір салтын насихаттауды (соның ішінде СӨС жобаларын әзірлеу арқылы, одан әрі оларды ЖОО мен еңбек ұжымдарының басшыларына беру) ұйымдастырады;

2.13. салауатты өмір салтын насихаттау саласында бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау  және жаппай спорттық шараларды өткізу.

2.14. өндірістік ұжымдарда (мектептер, ЖООлар, техникумдер, колледждер және т.б.) бұқаралық спортты дамыту бойынша қызметке жетекшілік етеді;

2.15. басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  1. Негізгі міндеттері

Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

3.1. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Стратегиялық жоспарын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады.

3.2. облыста бұқаралық спортты дамыту бойынша шараларды даярлап, орындайды;

3.3 Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес спорт ғимараттарына санаттар береді. 

3.4. спорт мектептері мен нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеуді жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргізеді.

3.7. «спорт ғимараттары» және «бұқаралық спорт» тараулары бойынша статистикалық мәліметтерді жинап, жасау.

  1. Бөлімнің құқықтары 

Жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін, бөлім құқылы:

4.1. Өз құзіреті шеңберінде сыртқы ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыруға;

4.2. Өз құзіреті шеңберінде құжаттарға рұқсатнама беруге, қол қоюға;

4.3. бөлімінің жұмысын жетілдіру бойынша  ұсыныстар енгізуге;

4.4. басқарма  басшысымен келісіп, бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәслихаттар өткізуге;

4.5. басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастырып, өткізуге қатысуға;

4.6. мекеме қызметкерлерінен , ведомоствоға бағынысты және басқа ұйымдардың қызметкерлерінен  жүктелген  міндеттерін  орындау үшін қажетті ақпаратты: құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа мәліметтерді сұрауға және алуға;

4.7. бөлімге жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру үшін ведомоствоға бағынысты ұйымдарды тартуға құқылы.

4.7. өз құзіреті шеңберінде бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін басқа да шараларды жүзеге асыруға. 

Ереже Дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімі
Дата публикации
09 июля 2021