«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С І

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

    2018 жылғы 04 маусым

                          № 354 қаулысымен

                          бекітілген

                                                                                    

 «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С І

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді және тұрғын үй құрылыс саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін орган болып табылады.
  2. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, «сәулет және қала құрылысы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, К. Сәтпаев көшесі 1 ғимарат.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С І
Дата публикации
06 января 2020