Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Жауапты хатшысының
міндетін атқарушының
2021 жылғы «6» қаңтардағы № 4
бұйрығына 7-қосымша
Дәрі-дәрмек саясаты департаменті туралы ереже
1) Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы;
2) Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.
функциялары, құқықтары және міндеттемелері
Функциялары:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберіңде халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, қамтамасыз етуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ТМККК және МӘМС шеңберіңде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жан-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен және бейімделген емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлеуге қатысу;
4) құзырет шегінде Министрліктің формулярлық комиссиясының қызметін үйлестіру;
5) Министрліктің формулярлық комиссия құрамын және ол туралы ережені әзірлеу;
6) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібі мен тізбесін әзірлеу;
7) «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК дәрілік заттарды тиімді қолдану орталығын үйлестіру;
8) Біріңғай дистрибьюторларды, соның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді үйлестіру;
9) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде дәрілік заттар бойынша анықтамаларды әзірлеу(қайта қарау), оның ішінде бағалар мониторингі бойынша мәселелерді курациялау;
10) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, оның ішінде есірткі құралдары, психотроптық заттар және презкурсорлар айналымы, этил спиртінің айналымы саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалану мониторингін жүзеге асыру.
Осы міндетке сәйкес Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстарға бастамашылық ету;
2) Ведомстволардан, аймақтық ведомство бөлімшелерінен, Министрліктің, ведомствоға бағынысты ұйымдарынан Департамент қызметіне жататын мәселелер бойынша өз міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды, анықтамаларды және басқа да құжаттарды сұратуға және алуға;
3) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес және Департаментте өткізілетін іс-шараларды әзірлеу және оның ойдағыдай өтуін қамтамасыз ету үшін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды әзірлеу үшін құрылымдық бөлімшелер басшылығының, ведомстволардың, ведомстволардың аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылығының келісімімен қызметкерлерді жұмысқа тарту;
4) Департаментке түскен Мемлекеттік басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын, Департаменті құзыретіне жататын мәселелер бойынша тиісті жылдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңжобалары жұмыстарын және сапалы орындау.
5) өз құзыреті шегінде Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңнамаларды нормативтік құқықтық актілерді және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) өз құзыреті шегінде басқа да Департаментке жүктелген қызметті Министрліктің және Департаменттің ережесіне сәйкес атқарылуы;
7) өз құзыреті шегінде медициналық қызметті стандарттау сұрағы бойынша мамандарды оқытуға бастапқы саясатты анықтап ұсыныстар енгізу;
7.Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) Министрліктің Регламентін, Министрліктің ережелерін сақтау;
2) өз құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының, Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау.
1) Департаментті білікті кадрлармен қалыптастыруды және олардың кәсіптік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді;
2) Департамент құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) өз құзыреті шегінде және уәкілеттілігіне сәйкес Департаменттің жұмысын үйлестіреді;
2) Департамент директоры болмаған уақытта Департаменттің жалпы жұмыс барысын басшылыққа алады және Департаментке келіп түскен тапсырмалардың орындалуын өз қолына алуға дербес жауапкершілік жүктеледі.
________________________________________________________