«Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Ақтөбе қалалық әкімдігінің

2010 жылғы 22 02 №523

қаулысымен бекітілді

«Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы жағдайлар

1. «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі-Бөлім) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгленген тәртіпте құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктегі жер қатынастары саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбаны, белгеленген үлгідегі бланкісі, сандай-ақ бланктерде заңнамаға сәйкес есепшоттары бар.

4. Бөлім заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзырындағы мәселелер бойынша бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

5. Бөлімнің құрылымы мен шекті штаттық саны қала әкімдігімен бекітіледі.

6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, индекс: 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, В.Алтынсарин көшесі, 2.

7. Мемлекеттік тілдегі қалалық мемлекеттік органның толық атауы «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Тесми тілдегі толық атауы ГУ «Отдел земельных отношений города Актобе».

8. Бөлімнің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы болып Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің жайы оның құрылтайшы құжаты болып табылады.

9. Ақтөбе қалысының әкімдігі атынан уәкілетті орган болып «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ табылады.

10. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

11. Қазақстан Республикасының аумағында бөлімнің филиалы болмайды.

2.   БӨЛІМ ҚЫЗМЕТТЕРІ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

12. Бөлім заңнамаға сәйкес келесі қызметтер атқарады:

1) қолданыстағы заңнамамен қарасытырлағна жер учаскелерін жеке меншікке және пацдалануға беру жөніндегі қалалық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді;

2) иесіз жер учаскелерін есепке алу;

3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) жерлерге түгендеу жүргізеді және иесі жоқ жер учаскелерін есепке алады;

5) жер учаскелерінің бөлінетінін жәнет бөлінбейтінін анықтайды;

6) жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

7) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналасытру жобаларын бекітуді және жерге орналасытруды жүргізуді ұйымдастыру;

8) елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық құрылымының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;

9) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

10) жер сатуларды (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастырады;

11) жерлерді пайдалануға және қорғауға қатысты қалалық бағдарламалар, жобалар және сызбаларға сараптау жүргізеді;

12) қала жерлерінің балансын жасайды;

13) жер учаскелері иелерінің және пайдаланушылардың, сондай-ақ жерге құқық қатынасы бар басқа да субъектілердің есебін жүргізеді;

14) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттар беру,

15) жер учаскелерінің бар-жоғы туралы анықатама береді;

16) ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерінің паспорттарын беру;

17) жер учаскелерін сатып алу-сату, жалдау, жеоді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

18) Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайцдалануға рұқсат беруі жөніндегі ұсыныстар дайындау;

19) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады;

13. Бөлімнің негізгі міндеттері жер қатынастарын жергілікті деңгейде реттеу болып табылады.

14.  Бөлімнің Ережелеріне гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселесін енгізу.

3.     БӨЛІМ МҮЛКІ

15. Бөлімнің тікелей басқару құрылымындағы оқшауланған мүлкі бар.

Бөлім мүлкі мемлекетпен берілген мүліктен, негізгі қорлар мен айналым құралдарын, сол сияқты, құны Бөлім балансында көрсетілген, басқа да мүліктер есебінен құаралады.

16. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаржыға сатып алынған мүлікті өз еркінше иелігінен шығаруғы немесе басқа түрде билік етуге құқығы жоқ.

4. Мемлекеттік орган қызметін ұйымдастыру 

17. Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала әкімі лауазымға тағайындайтын және босататын, Бастық басқарады.

Бастықтың қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз бұйрығымен лауазымға тағайныдайтын және лауазымынан босататын орынбасары болады.

18. Бастық мемлекеттік бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтердің жүзеге асыруына дербес жауап береді.

19. Бұл мақсатта Бастық:

1) өз орынбасарының және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес (жекелеген жағдайларда жоғары тұрған мелекеттік орган бекіткен, лауазымдар номенклатурасымен) Бөлім қыөметшілерін лауазымға тағайындайды және босатады;

3) заңнамамен бекітілген тәртіпте әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санатына қызметкерлердің бос орындарына орналасуға конкурстар жариялайды, Бөлім қызметкерлерін марапаттау және тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар шығарады;

4) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері жөніндегі Ережені бекітеді, олардың қызметтері мен өкілеттіктерін анықтайды;

5) мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға Бөлім атынан барады;

6) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. БӨЛІМДІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

20. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
27 января 2021