"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесі"
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі–Департамент) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Семей бөлімшесі бар.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан немесе егер оған уәкілеттік берілген болса, Комитеттің атынан түседі.
5. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
6. Аумақтық органның құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
7. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде-Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по Восточно-Казахстанской области".
8. Департаменттің орналасқан жері: 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 5.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Мемлекет Департаменттің құрылтайшысы болып табылады.
10. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің міндеті техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
14. Департаменттің Функциялары:
1) Мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
2) Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Алып тасталды-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
5) Алып тасталды-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
6) Алып тасталды-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
7) Алып тасталды-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
8) Алып тасталды-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
10) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін тексерілетін тұлғаға бару мүмкіндігімен бақылаудың өзге нысаны тәртібімен рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады;
11) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын рұқсаттық бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру;
12) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі сараптама кеңестерімен, жеке және заңды тұлғалармен Техникалық реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдарды құру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді-ҚР сауда және интеграция министрінің 29.11.2019 № 118 бұйрығымен.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.