Меню
Пресс-центр

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Министерство осуществляет руководство, межотраслевую координацию и государственное регулирование в сферах культуры, межэтнического согласия, развития языков, государственных символов, архивного дела и документации, электронного документооборота и электронных архивов, физической культуры и спорта, игорного бизнеса, лотереи и лотерейной деятельности.

Адрес Республика Казахстан 010000, г. Нур-Султан, пр. Мәңгілік ел 8, Дом министерств
Канцелярия + 7 (7172) 74-04-60  
Телефон доверия + 7 (7172) 74-06-43, 74-04-54
Пресс-служба + 7 (7172) 74-01-61, 74-09-24
e-mail kense@mcs.gov.kz 
e-mail пресс-службы p.pressa@mcs.gov.kz
1
Страницы
Контакты
О министерстве
Комитеты
Деятельность
Документы
Пресс-центр
gov@nitec.kz

Көпбалалы аналар мәдениет саласы қызметкерлерінен тегін азық-түлік алды

Көпбалалы аналар мәдениет саласы қызметкерлерінен тегін азық-түлік алды

Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға мәдениет саласының қызметкерлері тегін азық-түлік таратты. Аталған шара Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектер бірлестігімен құрылған «Мөлдір» қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт министрлігінің бастамасына Алатау ауданының әкімдігі де қолдау білдірді.

– Барлық азық-түліктер жеткілікті мөлшерде берілді. Май, сүтімізден бастап барлық қажетті  дүниелердің барлығы бар. Карантин уақытында осындай көмек бізге дер кезінде жетті. Ұйымдастырушыларға шынайы рақметімді айтамын, – дейді көпбалалы ана Алтынай Беймырзанова.

Қазіргі таңда Алатау ауданының 20 жанұясы азық-түлікпен қамтылып отыр. 25 келіні құрайтын азық-түлік қорабында ұн, шай, күріш, сұйық май және т.б өнімдер бар.

– Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы «Түлектер бірлестігінің» президенті Асанәлі Әшімов, вице-президенті Сәкен Майғазиевтің қолдауымен «Мөлдір» қайырымдылық қоры өз жұмысын атқарып келеді. Осы тұста, табысының бір бөлігін осы қорға салып отырған мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген азаматтарға алғысымды жеткізгім келеді. Мұнымен ғана шектеліп қоймай осындай қысылтаяң шақта ректорымыз Ақан Абдуалиевтың бастамасымен тағы да осындай игі шараларды жалғастыратын ойымыз бар, – дейді «Түлектер бірлестігінің»  атқарушы директоры Еркебұлан Дудабаев.

«Мөлдір» қайырымдылық қорының құрылғанына 1 айдың ғана көлемі болған. Дегенмен, еріктілер  осымен қайырымдылық шарасының екінші легін қолға  алып отыр.

«Басты мақсат – әлемді жайлаған індеттің кезеңінде  ауызбіршілігімізді танытып, мұқтаж жандарға көмек қолын созу», – дейді Е.Дудабев.

"Түркістан" газеті. 

Дата публикации
29 July 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Facebook
Twitter
Telegram
Youtube
Instagram
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Smart Bridge