БАӘ резиденттік виза иелері үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру шарттары

БАӘ резиденттік виза иелері үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне кіру шарттары

Біріккен Араб Әмірліктері пандемия кезінде қабылданған шараларға байланысты өз тұрғындарын Әмірліктерге қайтаруды жеңілдету шараларын ұсынады.

Осыған байланысты, коронавирустық инфекцияны (COVID-19) алдын-алу және профилактикалық шараларды күшейту және оның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында ынтымақтастық және бірлескен үйлестіру аясында Біріккен Араб Әмірліктері өз азаматтарына, БАӘ резиденттік визаларын ұстаушыларға мынаны хабарлайды. https://smartservices.ica.gov.ae/echannels/web/client/default.html#/login  сайтында орналасқан медициналық орталықтардың біріне елге кіру туралы куәлік алу үшін медициналық тексеруден өту Біріккен Араб Әмірліктеріне кірудің міндетті шарты саналады.

Бұл ереже 20.06.2010 жылы күшіне енді және белгіленген мерзімге дейін бұрын берілген рұқсаттарға қолданылмайды, егер медициналық куәландыру сапарға дейін аяқталған болса, бірақ бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күннен бастап 21 күн ішінде жарамды болады.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құзырлы органдар, көптеген елдерді тарту үшін, Әмірліктерге туристерді медициналық қамтуды кеңейтуге жол ашады. Осылайша БАӘ қауіпсіз халықаралық саяхатты қамтамасыз етуге өз үлесін қосады, бұл өз кезегінде халықаралық сауданы, жаһандық экономиканы жандандыру, саяхаттарды және туризмді қалпына келтіруге ықпал етеді.