2023 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫНДА СҚО-ҒА 24 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛДІ, ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КӨЛЕМІ 28% - ҒА ӨСІП, 360 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2023 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫНДА СҚО-ҒА 24 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛДІ, ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КӨЛЕМІ 28% - ҒА ӨСІП, 360 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ министрліктің туризмді дамыту бағытында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат айтылды.

Вице-министр 2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына 24 мыңнан астам турист келгенін атап өтті. Жергілікті қонақ үйлер көрсеткен қызметтер көлемі 360 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% - ға артық. Төсек орын саны - 5 485 бірлік.

Ал өткен жылы «Көкшетау» ұлттық паркін дамыту бойынша мастер-жоспар қабылданды, онда жыл бойы заманауи эко-қонақүйлер, глампингтер, автокеруендерді тоқтатуға арналған орындар салу көзделген. Инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд теңгені құрайды.

Кездесу барысында Ержан Еркінбаев жергілікті тұрғындар айтқан бірқатар сұрақтарға жауап берді. Мысалы, СҚО әкімдігі Имантау-Шалқар курортты аймағында, оның ішінде балалар лагерлерінің аумағында байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ал қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған полигондар проблемаларын шешу үшін жеке инвесторларды тарту ұсынылды.

Сонымен қатар, вице-министр туристік маусым кезінде «Имантау-Шалқар» курортты аймағы аумағында мобильді медициналық пункттерді ұйымдастыру қажеттігін мәлімдеді.