
Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия Кубогіне жолдама алды. Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.
Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жолдамаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.
Турнир нәтижелері:
1 орын: Қазақстан U 16
2 орын: Өзбекстан U 16
3 орын: Қырғызстан U 16
Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:
Әлішер Мұратұлы - Қазақстан U 16
Амир Рустамов - Қырғызстан U 16
Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16
Қазақстанның чемпиондық құрамы:
Мұратулы Алишер
Барабаш Иван
Әділбек Нұрмұхамед
Әубәкіров Санжар
Джарекеев Ислам
Талғатов Арсен
Дорошин Алексей
Пестов Илья
Сұлтан Бейбарыс
Ремезов Иван
Соннов Павел
Исабаев Марлен