Асхат Оралов Түркістан облыстық филармониясының ұлы композитор, ҚР Халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным!» атты концертіне барды

Асхат Оралов Түркістан облыстық филармониясының ұлы композитор, ҚР Халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным!» атты концертіне барды

Министр Асхат Оралов Түркістан облыстық филармониясының ұлы композитор, ҚР Халық артисі Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған «Менің Қазақстаным!» атты концертіне барды. Іс-шара Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымының 60 жылдығына орайластырылды.

«Залдағы ерекше көңіл-күйді айтып жеткізу мүмкін емес. Көрермендер әншілермен бірге ән айтып, ыстық қошемет көрсетті. Бұл әрине жоғары кәсіби деңгейімен танылған артистеріміздің өлшеусіз еңбегі.

Мен филармонияның мерейтойына орай шығармашылық ұжымға Мәдениет және спорт министрлігі атынан Алғыс хат табыстадым.

Сахнада Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония артистерімен бірге отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Халық сүйіп тыңдайтын рухты шығармалар мерейтойлық кешті тамашалауға келген өнерсүйер қауымды бей-жай қалдырмағанына сенімдімін.

Ақпан айында, министр қызметіндегі алғашқы жұмыс сапарым аясында Түркістан облысына бардым. Атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың туған ауылында болдым. Ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға аты аңызға айналған жерлестерінің шығармашылығына арналған үлкен концерттің Астанада өтетініне және оны тікелей эфирде тамашалайтындарына уәде бердім. Наурыз айында Мемлекет басшысының қатысуымен ауқымды іс-шара өтті, оған Шәмші ауылының бірнеше тұрғыны қонақ болып қатысты.

«Менің Қазақстаным!» Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымының елордадағы соңғы концерті емес. Тамаша іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін Түркістан облысының әкімдігіне алғыс айтамын. Осындай шығармашылық кештер дәстүрге айналады деп сенемін және жақын арада елорда сахнасында Қазақстанның барлық 20 өңірінен келген шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалайтын боламыз»,-деп жазды министр Telegram арнасында.