Қазақстан кикбоксингтен Әлем Кубогында 61 медаль иеленді

Қазақстан кикбоксингтен Әлем Кубогында 61 медаль иеленді

Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанса, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы - Нұрболат Рысмағанбетов.