Нұрғиса Дәуешов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
«Мәдениет – ұлттың мәйегі болса, ал өнер – халықтың қазынасы, ұлттың құндылығы. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Бүгінде осы сала мамандарының еліміздің мәдени мұрасын әлемге танытуда атқарып жатқан еңбектері орасан. Еліміздің дамуына ақын-жазушы, кітапханашы, артистер, музей, өнер ошағындағы өзге де мамандардың қосып жүрген үлестері өлшеусіз. Міне, сондықтан төл мерекеде еселі еңбектерімен көзге түскен майталмандар елеусіз қалмауы тиіс»