
24 ақпанда сағат 12:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен және тікелей қатысуымен Астана қаласында Ұлы қолбасшы Бейбарыс сұлтан атындағы көшенің салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.
Іс-шара «Көктал» саябағының жанында, Бейбарыс сұлтанның есімімен аталатын бұрынғы 189-шы көшеде өтеді.
Өткізу уақыты: 24 ақпан 2023 жыл, сағ.12:00.
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі (Бұрынғы 189 көше), «Көктал» саябағы.
Ал сағат 14:00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Бейбарыс сұлтан және оның түркі тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Оған белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық миссиялар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады.
Өткізу уақыты: 24 ақпан 2023 жыл, сағ.14:00.
Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаев к-сі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ бас корпусы, 208 ауд.
Екі іс-шара да Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орайластырылған. Аккредитация алу үшін БАҚ қызметкерінің деректерін mcsgovrk@gmail.com электронды поштаға жіберу қажет.
Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады: 8 (7172) 74-09-24, 87758621022 (Наргиза Абылхасанова), 87011252622 (Салтанат Кидришева).
БАҚ аккредиттеу 23.02.2023, 18:00 дейін ашық.