ДЭФ нұсқасы бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 позицияға көтерілді - Асхат Оралов

ДЭФ нұсқасы бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 позицияға көтерілді - Асхат Оралов

Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында айтты.

«Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1 – орынды, Халықаралық келу маусымдылығы бойынша – 26, мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша – 37 - орында», - деп толықтырды Асхат Оралов.

Естеріңізге сала кетейік, ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100 -ден астам жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды.