Категорялар үшін жаңа үстемақы енгізу және спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушыларының оқу жүктемесін азайту туралы - Асхат Оралов

Категорялар үшін жаңа үстемақы енгізу және спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушыларының оқу жүктемесін азайту туралы - Асхат Оралов

Спорт мектептерінің педагогтары мен жаттықтырушылары үшін апта сайынғы оқу жүктемесі 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендетіледі. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кеңейтілген алқа отырысында оқытудың сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға бағытталған өзгерістер туралы айтып берді.

Ол мектеп-интернаттардың жаттықтырушы-оқытушыларына олардың біліктілігіне қарай 6 мың теңгеден 22 мың теңгеге дейін әр катергория үшін үстемеақы енгізілетінін айтты. Бұл инновациялар 2023 жылдан бастап күшіне енеді.

Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база талаптарға толық сәйкес келмейтінін және бұл ретте саланың нақты қажеттіліктері ескерілетінін, сондықтан министрлік қолданыстағы заң жобасына түзетулер енгізуді қолға алып отырғандығын айтты.

«Мемлекет басшысы балалар спортын дамытуға және педагог мамандығына қызығушылықты арттыруға көп көңіл бөледі. Осы ретте спорттық бағыттар назардан тыс қалмайды. Біз жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары тұрған спорт ұйымдарына, сондай-ақ спорттық атақтарға ұсынғаны үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз.

Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз және сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін жаңа шешімдер қабылдаймыз», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.