Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды

Динара Сәдуақасова рапидтен әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды

Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының 11 турының қорытындысы бойынша Динара Сәдуақасова мен қытайлық Тань Чжунъи 8,5 ұпай жинады. Алайда тай-брейкте қазақстандық шахматшы Қытайдан келген қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік бесінші орынға, ал Бибісара Асаубаева 29-шы орынға тұрақтады.