Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады

Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады

Қазақстанда ұлттық «фортепиано мектебін» дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі республикалық Astana Piano Passion жас пианистер конкурсын өткізеді.

Байқауға еліміздің 7 - 17 жас аралығындағы жас пианистері қатыса алады. 

Astana рiano рassion жас пианистердің республикалық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 19 қыркүйектен 25 қазанға дейінгі аралықта жүзеге асырылады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар өтінімді  konkursmuz@mail.ru электронды поштасына жібере алады.

Іріктеу кезеңі – 2022 жылғы 27 қазаннан 9 қарашаға дейін аралықта өңірлерде ұйымдастырылады.

Жартылай финал – іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға және сүйемелдеуші тұлғалардың (бір адамнан аспайтын) Астана қаласына барып келу шығындарын қамтамасыз ете отырып, 2022 жылғы 15-17 қараша аралығында Астана қаласында өткізіледі.

Финал – 20-21 қарашада Астана қаласында өткізіледі.

Гала-концерт және жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімі  23 қарашада өтеді.