Дәурен Абаев: Қазақстан футболының жаңа дәуірі басталды

Дәурен Абаев: Қазақстан футболының жаңа дәуірі басталды

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасында жеңіске жетті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама Қазақстан тарихында тұңғыш рет Беларусь құрамасын жеңіп, В дивизионына шықты.

Беларусь командасының қақпасына гол салған ойыншыларымыз: Михаил Габышев пен Бахтиер Зайнутдинов.

Осынау тарихи жеңіске байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ФБ парақшасында Ұлттық құрама ойыншыларын құттықтады.

«Тегеурінді дайындық, теңдессіз нәтиже! Бұл – шын мәнінде Қазақстан футболының жаңа дәуірі. Алға, жігіттер!»,-деп жазды министр.

Айта кетейік, 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні басталатын топтың тағы бір матчында Словакия өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды. Ал, 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Бакуде Әзірбайжан құрамасымен ойнайды.