TT Warsaw көрмесіне қатысу үшін тіркеу басталды

TT Warsaw көрмесіне қатысу үшін тіркеу басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті 2022 жылғы 24-26 қарашада Польшаның Варшава қаласында өтетін TT Warsaw халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

TT Warsaw халықаралық көрмесі Польшаның жергілікті туризм индустриясының өкілдерімен серіктестік орнатуға арналған орталық алаң. Көрме 1993 жылдан бастап Польша туризм министрлігінің қолдауымен жыл сайын өткізіліп келеді. Оған әлемнің 53 елінен 450 экспонент, сондай-ақ 20 мыңнан астам келуші қатысады.

Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы жетекші әріптестерінің бірі. Польша азаматтарының елімізге келу үшін визасыз режим орнатылған және де екі елдің арасында тұрақты тікелей әуерейстері қатынайды.

Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін TT Warsaw көрмесіне қатысуға тіркеу ашылды. Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/86Z6VfT76wmDpdMr9