World Travel Market көрмесіне қатысу үшін туристік бизнеc өкілдеріне тіркеу басталды

World Travel Market көрмесіне қатысу үшін туристік бизнеc өкілдеріне тіркеу басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті 2022 жылғы 7-9 қарашада Ұлыбританияның Лондон қаласында өтетін World Travel Market халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

World Travel Market – әлемдегі екінші ірі халықаралық туристік көрме. Көрмеге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен 5000-нан астам экспонент мен 51000 келуші қатысады. Ұлыбритания азаматтары әлемдегі ең көп саяхаттайтын ұлттардың бірі және шығу туризміне жұмсалатын шығындар көлемі көрсеткіші бойынша әлемде бесінші орынды иемденеді.

Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін World Travel Market көрмесіне қатысуға тіркеу жүріп жатыр.

Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/Vds3AiftyqR5jBxb7