Мемлекет қаржыландыратын киножобалар белгілі болды

Мемлекет қаржыландыратын  киножобалар белгілі болды

Конкурс нәтижесі бойынша 62 киножоба қаржылай қолдауға ие болды. Оның ішінде 18 толықметражды көркем фильм, 19 деректі, 17 қысқаметражды және 8 анимациялық фильм бар.

Байқау сарапшылары іріктеу кезеңінде мақсатты түрде жас, талантты кинематографистерді іріктеп алып, оларға қолдау көрсету міндеті қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, қолдау алған киножобаларды отандық кинотеатрларда прокатқа шығару мүмкіндігі қарастырылады.

Биыл сараптамалық кеңестің құрамы 80 пайызға жаңартылды.

2022 жылғы мемлекеттік қаржыландыру сомасы 5,6 млрд теңгені құрады.

Киножобалар тізімін сілтеме арқылы көре саласыз