Дәурен Абаев дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді

Дәурен Абаев дипломатиялық корпус өкілдері үшін брифинг өткізді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев дипломатиялық корпус өкілдері үшін министрліктің қызмет бағытына арналған брифинг өткізді. Іс-шараға вице-министрлер, МСМ құрылымдық бөлімшелері мен министрлікке бағынысты ұйымдар басшылары, Қазақстандағы шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Сондай-ақ, видеоконференцбайланыс арқылы іс-шараға шетелдегі қазақстандық дипломаттар қатысты.

Дәурен Абаев министрлік кең ауқымды мәселелер бойынша сындарлы диалогқа ашық және дайын екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, қазіргі таңда халықаралық жобалар үлкен қызығушылық тудырып отыр, өйткені бұл ел үшін имидждік әсер ғана емес, сонымен қатар жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру және инвестициялар тарту тұрғысынан да үлкен маңызға ие.

Бұдан әрі Дәурен Абаев МСМ қызметінің негізгі бағыттары: мәдениет, спорт, туризм және мұрағат ісі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

«Ұзақ жылдар ішінде туризм алғаш рет инвестициялық салымдар үшін шын мәнінде перспективалы бағытқа айналды. Тек 2019-2022 жылдар аралығында 400 млрд теңгеден астам сомаға 290 инвестициялық жоба іске асырылды», - деді министр.

Сондай-ақ, ол туризмді мемлекеттік қолдаудың жаңа іс-шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, шетелдік туристті субсидиялау: мемлекет туроператорларға шетелден келген әрбір турист үшін 15 мың теңге төлейді; тау шаңғысы курорттары үшін техника сатып алуға жұмсалған шығындардың 25%-ын өтеу; туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезіндегі шығындардың 10% – ын өтеу; туравтобустарды сатып алуға жұмсалған шығындардың 25% - ын өтеу; балалар авиабилетін өтеу-Kids Go Free жобасы.

Министрдің айтуынша, туристер үшін тағы бір тартылыс нүктесі-еліміздің тарихи-мәдени мұра ескерткіштері. Оның тиімді жұмыс істеуі мақсатында негізгі республикалық музей-қорықтарда заманауи визит-орталықтар құрылған.

Кездесуде мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Дәурен Абаев инфрақұрылымды дамыту, отандық көркем өнімге деген сұраныс пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, білім беру мен еңбекақы сапасын арттыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ архив ісі бойынша халықаралық деңгейде нәтижелі қызмет жүргізіліп жатқанына тоқталды.

«Спорт саласында біз екі макро-міндетке – бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамытуға баса назар аударамыз», – деді министр.

Қазіргі уақытта жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен 6 млн астам адам айналысатынын атап өту қажет, бұл Қазақстан халқының 34,3% - ын құрайды. Елімізде 42 мыңнан астам спорт ғимараты жұмыс істейді.

Алқалы жиынның сұрақ-жауап сессиясы шеңберінде әлеуетті жобалар, соның ішінде туризм саласындағы жобалар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары министрге пайдалы әрі танымдық маңызы зор ақпарат үшін алғыс білдіріп, мәдениет және спорт министрлігімен ынтымақтастықты жандандыруға жоғары мүдделілік танытты.

Сондай-ақ, кездесу аясында дипломаттарға «Сырлы аспаптардың сиқырлы үні» атты музыкалық аспаптар көрмесі таныстырылды және домбыраға арналған дәстүрлі шек жасау шебері Бабыр Арғыновтың презентациясы көрсетілді.