Дәурен Абаев Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Дәурен Абаев Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2022 жылғы 1 шілдеде Түркістан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың халықпен кездесуі өтеді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау және БАҚ арналған брифинг жоспарланған.

Сұрақтар мен ұсыныстарды кездесу барысында айтуға немесе алдын-ала a.nakispekov@msm.gov.kz электронды мекен-жайына жіберуге болады.

Азаматтарды қабылдау бойынша қосымша ақпаратты +77023625374 нөмірі арқылы (Жекебаева Бекзат Мұратқызы, ҚР МСМ өтініштер мен директивалық құжаттарды қарауды бақылау басқармасының басшысы) алуға болады.

БАҚ өкілдері халықпен кездесуге де қатыса алады, одан кейін брифинг өтеді (8 701 914 55 88 Гаухар Омарбек, министрліктің баспасөз қызметінің басшысы).

Уақыты: сағ 10: 00 

Өтетін орны: Түркістан қ., Әмір Темір к., 28. («Түркістан музыкалық-драма театры»)