Хайратхаан Шонку Сурдлимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды

Хайратхаан Шонку Сурдлимпиаданың екінші алтынын жеңіп алды

Қазақ спортшысы Хайратхаан Шонку Сурдлимпиадада екінші алтын медальдің иегері атанды. Отандасымыз еркін күрестен 125 келі салмақта ел намысын қорғады. Төрт кездесу өткізген Хайратхаан ақтық сында Иран спортшысын айқын басымдықпен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Естеріңізге сала кетейік, Хайратхаан Шонку үш күн бұрын дәл осы Бразилиядағы Сурдлимпиадада грек-рим күресінде чемпион атанған болатын.

«Жарыс ойдағыдай өтті. Кілемдегі қарсыластарымның ешқайсы да осал емес. Олар өз елдерінің фавориттері. Дегенмен біз де аянып қалмадық. Қаншама еңбек пен төккен тер ақталды. Бапкерлеріме алғысымды білдіремін. Және осы жеңісімді барша қазақ халқына, жанкүйерлеріме арнаймын.»-деді Хайратхаан Шонку.

Өз кезегінде Ғабит Есжанов (57 кг), Сабыржан Рсалы(70 кг), Ғасыр Тұрғынбайлар (74 кг) күміс жүлде иегерлері атанса, Бексұлтан Малайдар(92 кг) жарысты қоламен қорытындылады.

Бразилияда өтіп жатқан Сурдлимпиаданың аяқталуына бір күн қалды. Қазақстан қоржынында 3 алтын, 7 күміс, 18 қола жүлде бар.