Сурдлимпиаданың он екінші күні қазақстандық жеңіл атлеттер онсайыс бойынша қорытынды шығарды.
Қазақ спортшысы Фархад Қыстаубаев онсайыста 5400 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Бір қызығы, онсайыстың барлық түрлері бойынша спортшы жетекші орындарға ие болды.
Бұл 24-ші Сурдлимпиададағы Фархадтың екінші медалі. Бұған дейін ол 110 метрге кедергілермен жүгіруде қола медаль жеңіп алған.
"Жаттығуымыз өз деңгейінде өтті деп сеніммен айта аламыз. Шәкіртіңнің чемпион болғанын көру, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоция. Көңілімді мақтаныш сезімі бойлады, жақсы өнер көрсеткенімізге қуаныштымын. Спорттық іс -шара жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Тезірек үйге, өз туған жерімізге барғымыз келеді. Туған жердің ауасымен тыныстап, еліміздің тағамын сағындық. Аз-маз демалып алып, жаңа жарыстарға дайындаламыз", - деді Фархадтың жаттықтырушысы Станислав Воленвейдер.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы Сурдлимпиада Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 100 елінен 4000-нан астам спортшы қатысуда.