Түркістанда «Рухани қазына-2022» республикалық фестивалі өтеді

Түркістанда «Рухани қазына-2022» республикалық фестивалі өтеді

Осы жылдың 16-21 мамыры аралығында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына – 2022»  республикалық фестивалі өтеді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – мәдениет және өнер саласы ұйымдарының шығармашылық жетістіктерін анықтау; Талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау; Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің озық дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау және қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, қызметкерлердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Фестиваль-конкурс 16 мамырда, сағат 11:00-де Farab кітапханасында (20-орам, 1319 ғимарат) ресми түрде ашылады.

Сағат 14:30-18:30 аралығында республикалық конкурс төмендегі мекенжайларда өтеді:

  • Мұражай қызметі саласы бойынша - «Ұлы Дала Елі» орталығында (20-орам, 1321-ғимарат);
  • Кітапхана қызметі саласы бойынша - «Farab» кітапханасында (20-орам, 1319-ғимарат);
  • Мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша – «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» (Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14Б).

17-18 мамырда сағат 10:00-18:30 аралығында жоғарыда көрсетілген мекенжайларда қазылар алқа мүшелерінің отырысы өтеді.

19 мамыр күні сағат 10:00-18:30 аралығында аталған мекенжайларда мұражай қызметі, кітапхана қызметі, мәдени-демалыс қызметі салалары бойынша лекторлар конкурсқа қатысушыларға дәріс оқып, шеберлік сабағын өткізеді.

20 мамырда сағат 10:00-19:00 аралығында Түркістан өңіріндегі киелі орындарға (Арыстан баб кесенесі, Ежелгі Отырар қаласы) экскурсия ұйымдастырылады.

21 мамырда сағат 15:00-17:00 аралығында Farab кітапханасында фестивальдің жабылуы – конкурс жеңімпаздарын марапаттау, Гала-концерт өтеді. 

Айта кетейік, биылғы фестивальдің ерекшелігі-бұл конкурсқа мемлекеттік мекемелер мен қатар жеке меншік мәдениет ұйымдары да қатысып жатыр. Бірінші кезеңнің (өңірлік) қорытындысы бойынша жалпы саны 285 өтінім ( кітапхана саласы бойынша - 125, музей саласы бойынша - 73, мәдени-демалыс қызметі саласы бойынша - 87) қабылданды.

Фестивальды өткізу орны «Қазақ әуендері» АҚ-ның телеграм каналында дауыс беру жолымен анықталды. Дауыс беру нәтижесінде лайық деп танылған өңірге «Рухани өлке – 2022» статусы беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша: Нұрсұлтан Қаражан, Тел: +7 702 313 11 91

e-mail: kazauen@inbox.ru