Дәурен Абаев Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне барды

Дәурен Абаев Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне барды

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев "Фолиант" баспасы ұйымдастырған Eurasian Book Fair-2022 V Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне барды.

Министр жаңа кітап басылымдарымен, атап айтқанда балалар, көркем, оқу және танымал ғылыми әдебиеттермен егжей-тегжейлі танысып, баспагерлермен және іс-шараға қатысушылармен әңгімелесті.

Айта кету керек, көрме-жәрмеңке аясында қазақтың ұлы әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған кітап-альбомның тұсаукесері өтті, оның таралымы 3 мың дананы құрайды.

"Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет отандық кітап саласын дамытуға, қазақстандық авторларды қолдауға, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді шығаруға ерекше көңіл бөліп келеді. Өздеріңіз білетіндей, биыл аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейтойлық күнге "Роза Бағланова" кітап-альбомы дайындалды. Менің ойымша, бұл оқырмандарға қызықты болады", - деді министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев  көрме-жәрмеңке аясында арнайы ұйымдастырылған байқауға қатысушыларды марапаттады.

Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру, әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесін зерделеу. Биылғы көрмеге барлығы 80-нен астам компанияның өнімі қойылған.