Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды

Қазақ боксшылары халықаралық турнирде 4 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды

Ақпанның  21-27 аралығында Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі өтті. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде әлемнің 36 елінен 450 спортшы бақ сынады.

Қазақ боксшылары жалпы командалық есепте 17 медальмен үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Өзбекстан (6,0,1) спортшылары иеленсе, екінші орынға Ресей (5,5,11) құрамасы жайғасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

I орын - Махмұд Сабырхан (54 кг)

I орын - Сағындық Тоғамбай (86 кг)

I орын - Назым Қызайбай (50 кг)

I орын - Валентина Хальзова (70 кг)

 

II орын - Дамир Әбдіқадыр (51 кг)

II орын - Дулат Бекбауов (67 кг)

II орын - Дина Жоламан (54 кг)

II орын -  Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)

 

III орын -  Санжар Тәшкенбай (48 кг)

III орын - Тимур Қабдешов (51 кг)

III орын - Абзал Серік (63,5 кг)

III орын - Абзал Құттыбеков (92 кг)

III орын - Нұрлан Сапарбай (+92 кг)

III орын - Римма Волосенко (60 кг)

III орын - Дариға Шакимова (66 кг)

III орын - Надежда Рябец (75 кг)

III орын - Анастасия Баязитова (81 кг)

Айта кетейік, туринирдің жалпы жүлде қоры 200.000 АҚШ долларын құрады. Бірінші орын -4000, екінші орын-2000, ал үшінші орын үшін- 1000 қаржылай сыйақылар тағайындалды.