Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Азамат Сатыбалды Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (ҚазҰӨА) ректоры қызметіне тағайындалды.

Азамат Сатыбалды 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговое ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актер болып бастаған.

2018 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры;

1919 жылдан - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актерлік шеберлік» пәнінен сабақ берген.

2016 жылы Cinema Kompany 28 киностудиясын құрған. «Бір сен үшін» (2017), «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» (2021) сынды фильмдерді түсірген.