Қазақстандық туристерді елге қайтарудың қазіргі жағдайы туралы

Қазақстандық туристерді елге қайтарудың қазіргі жағдайы туралы

5 қаңтарда төтенше жағдайлар режимі жарияланған сәтте, шетелдік демалыс орындарда Қазақстанның 7 680 туристі болды.

6-20 қаңтар аралығында Қазақстанға 7 616 турист қайтарылды. Қалған 20 турист демалысын осы жылдың 22 қаңтарына дейін ұзартуға өтініш білдірді.

Сонымен қатар, Тайландта 44 турист карантинге жабылды. Оларды елге қайтару оқшаулау кезеңі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Шетелдегі барлық туристерге рейстердің ауысатыны туралы хабарланды. Туроператорлар өз қаражаты есебінен, Қазақстан елшіліктерінің қолдауымен туристерді жатын орынмен және тамақпен қамтамасыз етті.

Туристердің кейбір тобының кешігіп келуіне Қазақстанда байланыс пен интернеттің болмауы, авиарейстер уақытының ауысуы және Алматы әуежайының уақытша жабылуы себеп болды.

Қазіргі уақытта барлық мәселелер шешімін тапты, туристерді елге қайтару жеделдетілген режимде жүргізіліп жатыр.