Дәурен Абаев мәдениет ошақтарының жұмысымен танысты

Дәурен Абаев мәдениет ошақтарының жұмысымен танысты

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК, «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» РММ және «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрына барды.

Мәдениет нысандарының ұжымымен кездесуге Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев те қатысты.

Кездесу барысында Дәурен Абаев мәдениет мекемелері қызметінің негізгі бағыттары, түйткілді мәселелері мен алдағы  жұмыс жоспары туралы сұрады.

Сондай-ақ министр мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлерге жүктелген елдің рухани мұрасын сақтау және көбейту, қоғамның тарихқа құрметпен қарауы, өскелең ұрпақты патриоттық руһта тәрбиелеу ісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Жиын барысында Дәурен Абаев өзекті мәселелерді талқылау және оларды тиімді түрде шешуге арналған ұсыныстарды тез арада жинап, лайықты дәрежеде нәтижеге жетуге ниетті екенін нақтылады.

«Бүгінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, өнер және креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл бүкіл мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Біздің қоғамның келбеті және оның болашағы оны жүзеге асырудың табыстылық деңгейіне байланысты», - деп атап өтті министр.